DataLife Engine > > Жұмыссыз жастарды компьютерлік білімдерін жетілдіру курсы

Жұмыссыз жастарды компьютерлік білімдерін жетілдіру курсы


29-01-2015, 12:02
Автор: kitap

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жұмыссыз жастарды компьютерлік сауаттылыққа үйрететін тегін курстар өткізеді.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Курстар аяқталған соң тестілеу негізінде белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі.

Оқыту кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінде (3 қаб.306 каб.) өтеді.

Сабақтардың өту уақыты: 10.00-12.00, аптасына 2 рет.

Microsoft Excel– 6 сағат.

Excel электронды кестесімен жұмыс істеуді үйрету. Курстан кейін сіз электронды кестеге мәліметтер енгізуді және редакциялауды, формулалар енгізу және күрделі есептер шығаруды үйренесіз.

Microsoft PowerPoint- 6 сағат

Слайд – презентациялар құру бойынша жұмыстарды үйрену. Курстан кейін сіз баяндамалар үшін презентациялық материалдар дайындай аласыз, түрлі стильдерді, күрделі графикалық формаларды, құрылымдық схемаларды пайдалана білесіз.

Фотошоп жұмысының негіздері –6-сағат

AdobePhotoshop - 6 сағат

Курс тыңдаушылары бөлінген фотосуреттерді қалыпқа келтіріп, қара-ала фотосуреттерді түрлі-түстендіріп, яғни түрлі құралдардың көмегімен суреттерді өңдеу техникасын меңгереді.

Corel Draw -6 сағат

Журналдар,кітаптар, буклеттер мен полиграфияның басқа да өнімдері, маңдайша жазу, логотиптер, жол белгілері, баға көрсеткілер-осының бәрі векторлық графика мен осы бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен оны іске асырудың жемісі.

Жұмыссыз жастарды  компьютерлік білімдерін жетілдіру  курсы

 Жұмыссыз жастарды  компьютерлік білімдерін жетілдіру  курсы

Жұмыссыз жастарды  компьютерлік білімдерін жетілдіру  курсы

 


 


 


 

 


 

 



Вернуться назад