АСЫЛБЕКҰЛЫ СЕРІК

     1951 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. 1973 жылы ҚазПИдің  (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) филология факультетін тамамдаған. 

    1973–1980 жж. мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары, 1980–1986 жж. республикалық «Жалын» баспасының редакторы, 1986–1992 жж. «Жалын»  журналының бөлім редакторы, 1992–1993 жж. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат  министрлігінің жетекші маманы, 1993–1998 жж. «Жазушы» баспасының көркем проза бөлімінің меңгерушісі,    1998–  2001 жж. «Парасат» журналы бас редакторының орынбасары, 2001–2008 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық  Өнер академиясының аға оқытушысы, доценті, профессоры болып қызмет еткен. Қазір Абай атындағы  Қазақ  Ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді.

    «Кешігіп қайтқан тырналар» (1981), «Оттан да ыстық өмір» (1984), «Мұғалімдер күні» (1986), «Зимние каникулы»  (1989), «Прощальный бал», (1993), «Сағыныш» (1994), «Ата жұртта» (1996), «Түнгі қаланың әні» (2005) атты прозалық кітаптар мен республика театрларының сахналарында қойылған «Рәбиғаның махаббаты», «Желтоқсан желі», «Бір түнгі оқиға», «Күзгі романс» деп аталатын пьесалардың авторы. Республикалық театр фестивальдарының жүлдегері, көптеген конкурстардың жеңімпазы. «Қазақ мәдениеті – қазақ мемлекеттілігінің жүрегі» (2003), «Қазақ повесі (Генезис, Эволюция, Поэтика)» атты монографиялардың авторы. «Сырдария кітапханасы» деген сериямен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан таңдамалы әңгімелері мен повестерінің, пьесалардың екі томдығы жарық көрген.

«Бір түнгі оқиға» пьесасы бойынша қойылған спектакліне 1998 жылы Тараз қаласында өткен республикалық театр фестивалінің бас жүлдесі берілген. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы.

 

Əдебиеттер:

  Асылбеков С.Ата жұртта: Əңгімелер, повестер. – Алматы:Жазушы, 1996. – 336 б.Асылбеков С. Кешігіп қайтқан тырналар: Əңгімелер. – Алматы: Жалын,1981. – 152 б. Асылбекұлы С. Қазақ мəдениеті - қазақ мемлекеттілігінің жүрегі: Ғылыми басылым / С.Асылбекұлы.- Алматы: Өнер, 2003.- 240 б.

 

  Асылбекұлы С. Қазақ повесі (Генезис, эволюция, поэтика):Филология ғыл. докт. дисс. автореф. / С.Асылбекұлы-Алматы,2009.-46 б.

  Асылбеков С.Мұғалімдер күні. Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жалын, 1986. – 256 б.

  Асылбеков С.Сағыныш: Повестер мен əңгімелер. – Алматы, 1994. – 288 б. Асылбекұлы С. Түнгі қаланың əні: Əңгімелер мен хикаяттар / С.Асылбекұлы.- Алматы: Жазушы, 2005.- 264 б. - (Қазіргі қазақ прозасы)

 

  Асылбекұлы С. Шығармалары: əңгімелер мен повестер. 1 том / С.Асылбекұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 400 бет. - (Сырдариякітапханасы)

  Асылбекұлы С. Шығармалары: əңгімелер мен пьесалар. 2 том / С.Асылбекұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 416 бет. - (Сырдариякітапханасы)

***

  Асылбекұлы Серік //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 51 б.


  Асылбекұлы Серік //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 36-37 б.

  Асылбекұлы Серік //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 32 б.

 

  Асылбеков Серік //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 39 б.

  Асылбекұлы Серік // Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған.–Алматы:Қазақ энциклопедиясы,2005.–123 б.

  Асылбекұлы Серік //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 209 б.

  Асылбекұлы С. Жазушы əулие де емес, əмбие де емес..: Талантты прозашы С.Асылбекұлымен сұхбат / Сұхб. Қ.Аманжолұлы //Қазақ əдебиеті. – 2001. – 24 тамыз (№34). – 5 б.

  Ахмет А.Империядағы кеш: Драматург С.Асылбекұлының "Империядағы кеш" атты пьесасы жайында // Мəдениет.-2011. -№12.-20 б.

  Жиенбай Қ. Ақиiннен басталған қоңыр əуен: [Жазушы С.Асылбекұлы туралы] // Егемен Қазақстан. - 2001. - 6 қазан.

 

  Қазыбек Н. Қиянатшыл дүниеге қарсы тұрғандар: [Жазушы С.Асылбекұлының Қазақстан мем. сыйлығына ұсынылған "Ата жұртта" атты прозалық жинағы туралы] //Түркiстан. - 1998. - 9 желтоқсан

  Мəдiбай Қ. Адам iздеген бақыт: Жазушы, драматург Серiк Асылбекұлы туралы // Қазақ əдебиетi. - 2011. - 23 - 29 қыркүйек (№38). - 6 б.


14 сәуір 2015 ж. 18:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: