БАЗАРБАЕВ МҮСІЛІМ

     1927 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Кекірелі ауылында туған. Әдебиеттанушы, филология  ғылымдарының  докторы (1971), профессор (1993).

 Қазақ мемлекеттік университетін (1948), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1956).  1948–1951 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде істеді. 1952–1956 жж. Қазақстан КП ОКнде  нұсқаушы, 1956–1970 жж. Қазақ КСР ҒАның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының  орынбасары, директоры, 1970–1980 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрі, Сыртқы істер министрі, 1981–1988 жж.  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының директоры, жетекші ғылыми қызметкері, 1988–1995 жж.  бөлім меңгерушісі болған.

     Ол қазақ әдебиетінің алты томдық тарихы (1960–1967), орыс тілінде жарық көрген үш томдық тарихы (1968–1979) авторларының бірі. Оның «Әдебиет және дәуір» (1966), «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973) сияқты кітаптары қазақ тілінде, «Қазақ поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі» (1961), «Өміршең дәстүрлер» (1962), «Біздің әдебиеттің эстетикалық байлығы» (1976) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. «Көрікті ойдан – көркем сөз» (1994), «Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер» (1995), «Замана тудырған әдебиет» атты кітаптары басылып шықты. «Қазақ совет әдебиеті» (10сынып, 1954–1985), «Қазақ әдебиеті» (11сынып, 1989–1994) атты орта мектептерге арналған оқулық авторларының бірі.

Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертациясының (1971) бір тарауын Шәкәрім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Оның аударуымен Н.С.Тургеневтің «Ася», «Бекет үй», «Алғашқы махаббат», «Көктемгі тасқын» повестері қазақ тілінде жарық көрді. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

 

Əдебиеттер:

    Базарбаев М. Əдебиет жəне дəуір: Зерттеулер / М.Базарбаев.- Алматы: Жазушы, 1966.- 272 б.

    Базарбаев М. Ерлік пен еңбек дастаны / М.Базарбаев, Ə.Нарымбетов. - Алматы: Мектеп, 1984.- 192 б.

   Базарбаев М. Замана тудырған əдебиет: Таңдамалы ғылыми зерттеулер / М.Базарбаев; Жауапты ред. Ə.Нарымбетов. - Алматы: Ғылым, 1997.- 504 б.

    Базарбаев М. Замана тудырған əдебиет: Əдеби зерттеулер мен ой- пікірлер / М.Базарбаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.-400 б.- (Сырдария кітапханасы)

   Базарбаев М. Замана тудырған əдебиет: Таңдамалы ғылыми зерттеулер / М.Базарбаев; Жауапты ред. Ə.Нарымбетов.- Алматы: Ғылым, 1997.- 504 б.

    Базарбаев М. Көрікті ойдан - көркем сөз / М.Базарбаев.-Алматы: Рауан, 1994.- 367 б. Базарбаев М.т.б. Қазақ Совет əдебиеті. 10-класс оқулығы. Тоғызыншы басылымы. – Алматы: Мектеп, 1977. – 360 б.

    Базарбаев М. Қаһарлы күндер əдебиеті / М.Базарбаев, Ə.Нарымбетов.- Алматы: Қазақстан, 1968.- 112 б.

    Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы: Қазақ поэзиясындағы дəстүр мен жаңашылдық жайында / М.Базарбаев.- Алматы: Жазушы, 1973.- 255 б.

    Базарбаев М. Советтік Шығыс халықтары əдебиетінің шет елдік сарапшыларына сын / М.Базарбаев.- Алматы: Білім, 1984.- 40 б.

 

    Базарбаев М.Таңдамалы шығармалар. – Астана: Нұра-Астана, 2009. – (Тұғыры биік тұлғалар)

***

    Мүсілім Базарбаев туралы естеліктер /Құраст. Г.Байтоғаева. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – 300 б.

    Мүсілім Базарбайұлы Базарбаев: Қазақстан ғылымдарының биобиблиографиясы / Құраст. Ə.Нарымбетов, Г.Орда.- Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2007.- 126 б. – (Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы)

    Базарбаев Мүсілім //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 106-107 б.

 

  Базарбаев Мүсілім //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.- Т.2. - 45 б.

 

    Базарбаев Мүсілім //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 76-77 б.

   Базарбаев Мүсілім //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 65б.

 

    Базарбаев Мүсілім//Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 33 б.

    Базарбаев Мүсілім //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 96-97 б.

    Базарбаев Мүсілім // Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 146 б.

   Бейсекенова А.С. Мүсілім Базарбаевтың əдеби-сын,зерттеу еңбектері: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / А.С.Бейсекенова.- Алматы, 2008.- 29 б.

   Қирабаев С. Мүсілім Базарбаев //Қирабаев С. Өмір тағылымдары: Естеліктер. – Алматы: Білім, 2006. – 438-444 б. – (Əдеби мемуарлар)

    Қирабаев С. Зерделі ғалым: М.Базарбаев туралы //Қирабаев С. Тəуелсіздік рухымен. – Астана: Фолиант, 2002. – 478-485 б.

    Негимов С. Мүсілім Базарбаев – əдебиеттанушы //Негимов С. Таным мен пайым. – Алматы, 2009. – 200-208 б.

    Əбдуəлиұлы А. Министр-ғалым Мүсілім: М.Базарбаев туралы //Айқын. – 2008. – 22

ақпан. – 5 б.

    Əмиша Н. Мүсілім қалдырған мұра: Əдебиеттанушы ғалым М. Базарбаев туралы / Н.Əмиша. // Айқын.- 2007. - 2 қараша

   Байтоғаева Г. Өр тұлға: Ғалым, қайраткер, профессор М.Базарбаевтың 80 жылдығына орай ғалымның жары Гүлбараш Байтоғаевамен əңгіме /Əңг. Г.Сəдірқызы. //Егемен Қазақстан. - 2007. - 15 мамыр

    Бейсекенова А. Қайраткер - қаламгер: Əдебиеттанушы ғалым М. Базарбаев туралы / А.Бейсекенова. // Жалын. - 2007. - №7. - 35-37б.

    Дəрімбет Б.Айтулы азамат, қайраткер ғалым //Алматы ақшамы. – 1997. – 14 мамыр Дəуітұлы С. Жұрттың бəріне болсын деп тұратын: Əдебиет жəне мəдениет қайраткері, ғалым Мүсілім Базарбаев туралы // Алматы ақшамы.- 2007. - 29 мамыр. Елін сүйгендіелі де сүйеді: Мемлекет жəне қоғам қайраткері,əдебиетші-ғалым

    М.Базарбаевтың 80 жылдығына арналып республикалық ғылыми конференция өтті // Сыр бойы. - 2007. - 31 қазан

   Жаппархан Ө. Қайраткер: Ғалым, дипломат, жазушы, ұстаз Мүсілім Базарбаев туралы / Ө.Жаппархан. // Сыр бойы. - 2007.-12 мамыр

    Кенжебаев Б., Ергөбеков Қ. Алысқа тартқан жол: Ғалым М.Базарбаев 60жаста //Ленин жолы. – 1987. – 11 июнь

    Мүсілім Базарбаев – 75 //Қазақ əдебиеті. – 2002. – 10 мамыр

   Мүсілім Базарбаев-80: Қоғам қайраткері, əдебиетші-ғалым, сыншы, филология ғылымының докторы, профессор // Жас Алаш.- 2007.-12 мамыр

    Нарымбетов Ə. Парасатпен пайымдаған...: М.Базарбаевтың 70 жасқа толуына //Егемен Қазақстан. – 1997. – 13 мамыр

   Нарымбетов Ə., Орда Г.Əдебиет жанашыры //Алматы ақшамы. – 2002. – 18 мамыр Орда Г. Біз көрген Мүсілім Базарбайұлы: əдебиеттанушы ғалым М. Базарбаев туралы //Жалын. - 2007. - №5. - 32-33-34б.

    Орда Г.Көрікті ойдан Көркемсөз терген: Əдебиеттанушы ғалым М. Базарбаев туралы/ Г.Орда. //Ақиқат. - 2007. - №6. - 54-57б.

   Орда Г. Сегіз қырлы, бір сырлы: Көрнекті сыншы, білікті əдебиеттанушы, шебер аудармашы, ұлағатты ұстаз, мемлекет қайраткері Мүсілім Базарбаевшығармашылығы хақында / Г. Орда //Егемен Қазақстан.- 2012. - 3 тамыз. - 5 б.

    Рəш М. Ар бол, Ыстық көл, Бар бол, Мүсеке: Ғалым, əдебиетші жерлесіміз Мүсілім Базарбаев туралы / М.Рəш //Қазақстан-ZAMAN. - 2007. - 20 сəуір

    Сариев Ш. Əуезов қолдаған ғалым: Ғалым, қоғам қайраткері, дипломат М.Базарбаев туралы / Ш.Сариев. //Қазақ əдебиеті.- 2007.-11 мамыр

    Сариев Ш. Өнегелі өмірбаян //Қазақ əдебиеті. – 1996. – 5 қараша (№45). – 14 б.

    Сейітов С.Терендік пен кемелдік: М.Базарбаевтың 70 жасқа толуына орай //Қазақ əдебиеті. – 1997. – 20 мамыр

    Тектілер туған топырақ: Əдебиетші-ғалым М.Базарбаев пен сыншы, аудармашы Қ.Нұрмахановтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтіледі // Сыр бойы.- 2007.-12 қыркүйек Шəрібекұлы Қ. Қиясына қарай қыраны: Көрнекті əдебиетші М.Базарбаев туралы //Сыр бойы. – 2002. – 27 сəуір


 

20 сәуір 2015 ж. 17:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: