БӘЙКЕНОВ ӘЛІБЕК

     1889 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Халық ақыны, Қисса-дастандарды, Сыр бойы ақын-жыршыларының шығармаларын көп білген. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Н.Бекежановтың концерттік бригадасының құрамында болған. Қазан төңкерісінен бұрынғы ауыл өмірінен «Малшы бала» атты дастан шығарған. Кеңес дәуірінде жаңа тұрмысты, еркін еңбекті, халықтар достығын шабытпен жырлаған.

1943 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста Орынбай Таймановпен өнер сайысына түскен. Шығармалары Қызылорда облыстық «Ленин жолы», республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жарияланып тұрған.

     Шығармалары «Пернедегі термелер» атты Қазақстан халық ақындары шығармаларының жинағына (1965), «Айтыс» жинағының 3 томына (1966) енген. Ақынның жеке туындылары мен ел арасынан жинаған материалдары Қазақстан Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар ортылығында сақтаулы.

 

Əдебиеттер:


    Бекшентайұлы С. Шығармалары: Өлең-толғаулар,поэмалар мен айтыстар / С.Бекшентайұлы, М.Дабылұлы, Ə.Бəйкенов. - Астана:Фолиант, 2009.- 392 бет.-(Сырдария кітапханасы)

***

    Байкенов Əлібек //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 122 б.

  Байкенов Əлібек //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.- Т.2. - 223 б.

    Байкенов Əлібек //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 80 б.

    Бəйкенов Əлібек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 67б.

    Бəйкенов Əлібек //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 104 б.

    Бəйкенов Əлібек // Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 162 б.

   Дайрабай Т. Əлібек ақын биігі // Бекшентайұлы С. Шығармалары: Өлең- толғаулар,поэмалар мен айтыстар / С.Бекшентайұлы, М.Дабылұлы, Ə.Бəйкенов. - Астана: Фолиант, 2009.- 227-229 бет. - (Сырдария кітапханасы)

    Құрбан Қ. Көмейiнде көркем сөз кестеленген: Азулы ақын, жырау Əлiбек Бəйкенов туралы (1889-1945) // Сыр бойы.- 2004. - 21 желтоқсан. - 4 б.


 


20 сәуір 2015 ж. 17:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: