ДӘРІБАЕВА ЖАДЫРА

     1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы орталығында дүниеге келген. 1964  жылы сондағы орыс мектебінің 8-сыныбын, 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар  педагогикалық училищесін бітірген. Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде істеген.  1968–1970 жж. Қызылорда пединститутының филология факультетінде (сырттай), 1970–1978 жж. Мәскеудегі  М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімінде оқыған. 1978–1991 жж. Мәскеудегі  А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген.  1982–1990 жж. Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991–1992 жж. «Қазақстан әйелдері»  журналында бөлім меңгерушісі болған.

 Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі. 1996 жылы  «Құрмет» орденімен марапатталған.

     Шығармалары: Гүлжайна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Мейір. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Біздің жақтың аспаны. Өлеңдер. 1998; Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. А., «Балалар әдебиеті», 2007; Ақ бура сезімдер. Өлеңдер. Фолиант, Қайнар, 2009.

 

Əдебиеттер:


  Дəрібаева Ж. Ақ бура сезімдер: Əңгімелер. – Алматы: Қайнар, 2009. – 240 б. – (Ауыл кітапханасы)

  Дəрібаева Ж.  Ақ бура сезімдер: Өлеңдер, əңгімелер, мақалалар мен сұхбаттар. –  Астана: Фолиант, 2009. – 368 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Дəрібаева Ж. Қасиеттілік шырағы: Өлеңдер. – Алматы:Балалар əдебиеті, 2007. – 220 б.

***

  Дəрібаева Жадыра //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 153 б.

  Дəрібаева Жадыра //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 120 б.

  Дəрібаева Жадыра //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 96-97б.

  Дəрібаева Жадыра // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 188 б.

  Дəрібаева Жадыра//Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 113 б.

  Əбдіқал А. Сыршыл жүрек лүпілі: Ақын Жадыра Дəрібаеваның "Қасиеттілік шырағы" жыр жинағын оқығаннан кейінгі ойлар / А.Əбдіқал //Қазақ əдебиеті.- 2011. - 25 қараша. - 7 б.

  Дəрібаева Ж. Мейірімге құштар жүрекпен: Ақын Ж.Дəрібаева балалық шағы туралы əңгімелейді / Ж.Дəрібаева // Қазақстан əйелдері.- 1993.-№2.-21-23 б.

  Жадыраның жыр кітабы: Белгілі ақын Ж.Дəрібаеваның "Қасиеттілік шырағы" атты жаңа өлең кітабы "Балалар əдебиеті" баспасынан жарық көрді // Қазақ əдебиеті.- 2007.-2 қараша

  Қазақстан Республикасы мемлекеттiк нышандары авторларының бiр тобын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы: 1995 ж. 12 желтоқсанN 2678 // ҚР Президентi мен ҚР Үкiметiнiң актiлер жинағы.- 1995.- N37.- 9-10 б.


20 сәуір 2015 ж. 18:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: