ҚАРАТАЕВ МҰХАМЕДЖАН

    1910 жылы 27 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Телікөл ауылында туған.  Әдебиет зерттеуші, Қазақ КСР Халық жазушысы (1987), профессор (1967), Қазақ КСР ҒА-ның академигі (1975).  Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1974). Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген  (1933). Ленинградтың (Санкт-Петербург) тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасын  бітірген (1936). 1936–1938 жж. Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, төрағасы, Абай атындағы  Алматы мемлекеттік университетінің қазақ және орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 1938 жылы КСРО ҒА-  ның Қазақ филиалы президиумының мүшесі, Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі. 1947–1951 жж. Жамбыл  педучилищесінде оқытушы. 1955–1960 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы»)  редактор, бас редактордың орынбасары, директор. 1960–1968 жж. ҚСЭ-нің бас редакторы (1968–1979),  1979–1988 жж. Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, кеңесшісі. Жалған айып  тағылып, 1938-1951 жж аралығында саяси қуғынға ұшыраған.

    Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетіне белсене араласты. М.Қаратаевтың алғашқы  күрделі еңбегі – С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы туралы мақала. 50-жылдардың орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің даму  тарихын, теориясын, эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданады. Қазақ әдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді.  «Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), «Шеберлік шыңына» (1963). «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» (1965),  «Эпостан эпопеяға» (1969), «Революция рухымен» (1978), т.б. еңбектер жазды. «Даладағы дабыл» атты публицистикалық романы  қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды.

    М.Қаратаев – көркем аудармаға да елеулі еңбек сіңірді. М.Горькийдің «Менің университеттерім», М.Шолоховтың «Тынық Дон»  романының 3-кітабін қазақ тіліне аударған. Көркем аударма теориясын дамытуға қызу атсалысып, қазақ әдебиетін орыс тіліне, орыс  тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі мәселелері жайында сүбелі еңбектер жазды. Халықаралық әдебиет сыншылары  қауымдастығының мүшесі (1974), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты («Асулар алда» монографиясы үшін, 1974).  М.Қаратаев тұтас алғанда қазақ әдебиетінің түрлі мәселелерін қамтыған жеті жүзден астам мақаланың, қырықтан аса кітаптың авторы.

 Ғылымға сіңірген көп жылдық еңбегі үшін Қазақстан ҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері болды (1985). Еңбек Қызыл Ту,  Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және академик С.И.Вавилов атындағы медальдармен марапатталған.
 

Əдебиеттер:


   Қаратаев М. Əдебиет жəне Эстетика / М.Қаратаев.-Алматы: Жазушы, 1970.- 352 бет. Қаратаев М. Əдемілікке үйрететін ұстаз. – Алматы: Қазақстан, 1965. – 70 б.

  Қаратаев М. Бетбұрыс белестері: Мақалалар, естеліктер (1985- 1995ж.ж.) /М.Қаратаев; Жинақты құраст.баспаға əзірлеген Ж.Қаратаева.-Алматы:Алатау,2005.- 336б.

   Қаратаев М. Даладағы дабыл: Документтерге негізделген публицистикалық роман. – Алматы: Жазушы, 1967. – 467 б. – (Қазақ прозасының кітапханасы)

    Қаратаев М. Даладағы дабыл: Документтерге негізделген публицистикалық роман. –

Алматы: Жазушы, 1981. – 400 б. – (Қазақ Совет романының кітапханасы) Қаратаев М. Ильяс Джансугуров. – Алматы: Жазушы, 1965. – 47 б.

  Қаратаев М. Көргендерім мен көңілдегім: Естеліктер,портреттер, лебіздермен толғаныстар / М.Қаратаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 328 б.- (Сырдария кітапханасы)

    Қаратаев М. Көргендерім мен көңілдегім: Естеліктер, портреттер, эсселер. – Алматы: Жалын, 1982. – 280 б.

    Қаратаев М. Қазақ Совет əдебиеті: Жоғарғы оқу орындарына арналған / М.Қаратаев. - Алматы: Мектеп,1987.- 295 бет.

    Қаратаев М. Октябрь төлі / М.Қаратаев.-Алматы: Білім, 1980.- 40б.

   Қаратаев М. Өнерпаз болсаң арқалан. – Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1960. – 64 б. Қаратаев М. Революция рухымен: ( жинақ) /М.Қаратаев.- Алматы: Жазушы, 1978.- 416 бет.

   Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы / М.Қаратаев.- Алматы: Ғылым,1965.- 406бет.

   Қаратаев М. Мұхтар Əуезов. – Алматы: Жазушы, 1967. – 128 б.

   Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар.Үш томдық. – Алматы: Жазушы, 1974. -

   Қаратаев М. Туған əдебиет туралы ойлар / М.Қаратаев.- Алматы: Қазақ мем. көркем əдебиет баспасы, 1958.- 442 бет.

   Қаратаев М. Ізденіс іздері: Əдеби-сын мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1984. – 376 б.

   Қаратаев М. Ільяс Жансүгіров. – Алматы: Оқупедбас, 1961. – 56 б.

  Қаратаев М. Эпостан эпопеяға / М.Қаратаев.- Алматы: Жазушы, 1969.- 441 бет. Қаратаев М. Шеберлік шыңына. – Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1963. – 420 б. Қаратаев М. Шығармалары: Сын-зерттеулер. – Алматы: Ана тілі, 2010. – 400 б.

   Дəулетұлы А. Академик Қаратаев //А.Дəулетұлы. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 72-73б.

   Қаратаев Мұхамеджан Қожасбайұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2003. – Т.5. – 609 б.

   Қаратаев Мұхамеджан Қожасбайұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 319-320 б.

   Қаратаев Мұхамеджан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 231-232 б.

  Қаратаев Мұхамеджан //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 182-183 б.

   Қаратаев Мұхамеджан //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері.– Алматы,2009. – 161 б.

   Қаратаев Мұхамеджан //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 345-346 б.

   Қаратаев Мұхамеджан //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 301-302 б.

Əшімбаев С. Сыншыл ой туралы сыр: Сыншы М.Қаратаев еңбектері туралы //Əшімбаев С. Парасатқа құштарлық:Əдеби-сын мақалалар. – Алматы: жазушы, 1985. – 13-19б.

   Байдрахманұлы Д.Мұхамеджан Қаратаев: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 368 б.

   Ерғалиев Х. Сынақтан өткен сын //Ерғалиев Х. Өмір өрнегі: Эссе, очерк, публицистика. – Алматы, 1986. – 122-124 б.

   Қирабаев С. Ғалым-сыншы тағлымы //Қирабаев С. Тəуелсіздік рухымен. – Астана: Фолиант, 2002. – 322-329 б.

   Қирабаев С. Мұхамеджан Қаратаев //Қирабаев С. Өмір тағылымдары: Естеліктер. – Алматы: Білім, 2006. – 282-289 б. – (Əдеби мемуарлар)

    Мəуленов С. Құмнан шыңға:Сыншы М.Қаратаев туралы ойлар //Мəуленов С. Сыр мен жыр. – Алматы, 1991. – 164-176 б.

   Сопыбеков А. Мұхамеджан Қаратаев: Өлең //Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана: Фолиант, 2008.- 140-143 б.- (Сырдария кітапханасы)

    Адамбаев Б. Жастардың жанашыры: М.Қаратаев 50 жаста //Ленин жолы. – 1961. – 20 янв.

   Академик М.Қаратаев Жаңақорған ауданында //Ленин жолы. – 1981. – 16 июнь Алтайский К. Өнер шежiрешiсi: [М.Қаратаевтың 60 жасқа толуына] //Қазақ əдебиетi. - 1971.- 5 февр

   Аманжолова К. Академиктің мұражай-кітапханасы: Мұхамеджан Қаратаевтың жеке кітапханасы туралы /К.Аманжолова // Астана хабары.- 2008. - 7 ақпан

    Аманжолова К. Мұхамеджан Қаратаев кеңестік кезең əдебиеті туралы / К.Аманжолова. // Қазақ тілі мен əдебиеті.- 2009.-№5.-90-94 б.

    Аманжолова Г. Мұхаметжан Қаратаев шығармашылығының бастапқы кезеңi //Қазақ тiлi мен əдебиетi. - 2009. - № 8.- 71-75 б.

    Əбдiрахманқызы Тұрсынхан Топырағың торқа болсын, аға!: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Қазақ əдебиетi.- 1995.- 20 маусым (N12).- 4 б.

  Əбіл Е. Шиелі тұғырлы тұлғаларын ұлықтады: Қоғам қайраткері М.Шоқай мен ақын Н.Бекежановтың 120 жылдығы, ғалым М.Қаратаевтың 100, Еңбек Ері

    Ш.Қазанбаеваның 90 жылдығыаталып өтілді / Е.Əбіл. // Егемен Қазақстан.- 2010.-16

қазан

   Əдiбаев Х. Əдебиеттiң сыннан өткен əдiсi: [М.Қаратаевтың "Социалистiк реализмнiң қазақ прозасында қалыптасуы" деген еңбегiне сын] // Соц. Қазақстан.- 1966.- 16 янв..- 3 б.

  Əсiп С. Тұңғыш энциклопедист: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан.- 1995.-13 маусым

   Əуезов М.О. Өрлеу егiз - қатар болсын: [М.Қаратаев туралы] // Қазақ əдебиетi.- 1961.- 20 янв.

  Əшiмбаев С. Үлесi үлкен: [М.Қаратаевтың "Социалистiк реализмнiң қазақ прозасында қалыптасуы" деген монографиясы] // Қазақ əдебиетi.- 1967.- 14 июль

   Базарбаев М. Жауынгер жаныр солдаты: [М.Қаратаевтың 50 жасқа толуына орай] // Қазақ əдебиетi. - 1961.- 20 янв.

  Баймолдин С. Қадiрi зор аға: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Халық кеңесi.- 1995.-13 маусым

   Балғабаев С. Туған жерге келгенде: М.Қаратаев пен Ə.Тəжібаев :Өлең // Ленин жолы.- 1981.-13 июнь

  Бекмұратұлы С. Сібір сағын сындыра алмаған сыншы: Алматыда М.Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті / С.Бекмұратұлы. //Алматы ақшамы. - 2010. - 18 қараша - 22б.

   Бекхожин Қ. АкадемикМұхамеджан Қаратаевқа: өлең // Қазақ əдебиетi.- 2010.- 12-18

қараша (№ 44).- 1 б.

   Бердібаев Р. Көрнекті сыншы //Қазақстан мұғалімі. – 1961. – 19 янв.

   Бердiбай Р. Мұхаметжан Қаратаев: [Қазақ əдебиетiнiң көрнектi сыншысы, филол. ғылымдарының докторы] // Қазақ əдебиетi.- 1964.- 3 июль

   Дəуiтұлы С. Қазақтың Қаратаевы: [Қазақстанның халық жазушысының қазасына көңiл бiлдiру] // Қазақ əдебиетi.- 1995.-20 маусым (N12).- 4 б.

   Досанов С. Қыранша самғап қияға: [М.Қаратаевтың 60 жасқа толуына] // Қазақстан мұғалiмi. - 1971. - 21 янв.

   Досанов С. Парыз тауына барар жол //Ленин жолы. – 1987. – 12 февр.

   Дүйсенов М. Дарындыəдебиетшi: М.Қаратаев туралы // Лениншiл жас.- 1958.- 21 окт.

   Елеукенов Ш. Қош, сын сардары!: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Халық кеңесi.- 1995.-13 маусым

   Ергешбайұлы А. Шежірелі Шиелінің тау тұлғалары: Н.Бекежанов, М.Шоқай, Ш.Қазанбаева, М.Қаратаевтар туралы / А.Ергешбайұлы // Ақмешіт апталығы.- 2010.-14 қазан

   Ергөбек Қ. "Дүние шіркін...дүркін-дүркін! Өтеді бір күн"..: Ғалым, сыншы М.Қаратаевтың 100 жылдығына орай / Қ.Ергөбек // Егемен    Қазақстан.- 2010.-22 шілде

  Ергөбек Қ. Дүние, шіркін... өтеді бір күн: Жазушы, сыншы М.Қаратаев мемуарист ретінде / Қ.Ергөбек // Ана тілі.- 2010. - 18-24 қараша - 6 бет

   Ергөбек Қ. Дүние-ай, жалған..: Академик М.Қаратаев 100 жаста / Қ.Ергөбек. // Қазақ əдебиеті. - 2010. - 22 қазан. - 11 б.

   Есенжанов Х. Алғыр ғалым, сара сыншы: [М.Қаратаевтың 60 жасқа толуына] // Соц.

Қазақстан. - 1971. - 5 февр.

   Есмаханов С. Қайратыңыз қаржалмасын, Мұха! //Ленин жолы. – 1990. – 26 желт.

   Есiмжанов Т. Қоштастық қол алыспай (М.Қаратаевқа): Өлең // Түркiстан.- 1995.-14

маусым

   Жақып Б. Мұхамеджан Қаратаев туралы сөз //Қазақ əдебиеті. – 2010. –19 қараша. – 7б.

   Жəмiшұлы Ə. Қайран Мұқа!: [Қазақстанның халық жазушысының қазасына көңiл бiлдiру] // Қазақ əдебиетi. - 1995. - 20 маусым (N12).- 4 б.

   Жəмiшев Ə. Мұхаметжан Қаратаев - ғылым докторы: [Қазақ əдебиетiнiң көрнектi сыншысы] // Лениншiл жас.- 1964.- 30 июнь

   Жолдасбеков М. Асылдарым: Көрнекті əдебиет сыншысы Мұхаметжан Қаратаев жəне əдебиетші Зейнолла Қабдолов жайлы эссе / М.Жолдасбеков // Егемен Қазақстан.- 2011. -12 қаңтар. - 5 б.; 14 қаңтар. - 5б.

    Жолдасбеков М. Кемелдi жырлар белесiнде: М.Қаратаевтың 60 жасқа толуына // Мəдениет жəне тұрмыс.- 1971.- N 1.- 16 б.

   Жолдасбеков М. Сағы сынбаған сын сардары : Репрессияға ұшыраған əдебиет сыншысы М.Қаратаев туралы "Асылдарым" сериялық естелiктерiнен // Егемен Қазақстан.- 2011.- 12 қаңтар (№8).- 5 б.

    Жұмалиев Қ. Сыншы - əдебиет досы: [М.Қаратаевтың 50 жасқа толуына орай] // Соц.

Қазақстан. - 1961.- 20 янв.

    Исмаил Ө. Арман асулары: Ғалым М.Қаратаев 100 жаста / Ө.Исмаил // Өскен өңір. - 2010. - 18 қыркүйек

    Қабдолов З. Егiз-қатар өрлеумен...: М.Қаратаев туралы // Қазақ əдебиетi. - 1971. - 5 февр.

    Қайырбеков Ғ. Қазақ сынының қара нары //Соц. Қазақстан. – 1990. – 27 желт. Қаратаев М. Ақиқаттан ауытқып қалмайық: Сыншы, академик М.Қаратаевпен əңгіме/Əңг. Ж.Шағатаев //Қазақ əдебиеті. – 1990. – 21 желт.

   Қаратаева Ж. Аманат арқалаған келін: Əдебиеттанушы - ғалым Мұхаметжан Қаратаевтың 100 жылдығына орай, ақынның келіні   Жəмила Қаратаевамен сұхбат / сұхб. Қ.Бəкір. // Алтын Орда.- 2010. - 9 - 15 желтоқсан.- 18 -19 б.

   Қаратаева Ж. Атам мені Тоты деуші еді: Əдебиет сыншысы, ұстаз, ғалым Мұхамеджан Қаратаевтың келіні Жəмила Қаратаевамен əңгіме / əңг. С.Қажыкен // Ана тілі. - 2011. - 16 - 22 маусым. – 12 б.

    Қаратаева Ж. Атамның өмірінің өзі аңыз еді //Айқын. – 2010. – 1 маусым. – 5 б.

    Қаратаева Ж. "Кешiр, құдай! кешiр, халқым!": [М.Қаратаев күнделiгiнiң соңғы беттерi] // Қазақ əдебиетi. - 2001.- 6 сəуiр(N 14).- 3 б.

    Қирабаев С. Ағалы-iнiлердей едiк: [Сыншы Мұхамеджан Қаратаевтың қызмет жолы туралы] // Алматы ақшамы. - 1999. - 7 шiлде

   Қирабаев С. Ғалым - сыншы тағлымы: [Əдебиетшi ғалым М.Қаратаевтың қазақ əдебиетi мен ғылымына қосқан үлесi туралы] // ЕгеменҚазақстан.- 2000.- 19 желтоқсан

   Қирабаев С. Қазақтың Белинскиi!: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру // Егемен Қазақстан. - 1995. - 13 маусым

    Қирабаев С. Сыншы еңбегі: М.Қаратаевтың «Революция рухымен» кітабы жайында //Қазақ əдебиеті. – 1979. – 30 нояб.

Қоңыратбаев Ə. Дарынды сыншы //Ленин жолы. – 1961. – 20 янв.

   Майтанов Б. Əдебиет жүрегiнiң тамыршысы // Ақиқат.- 2010.- № 10.- 59-63 б. Махамбет Қ. "Соңғы аманат-сыры": Академик М.Қаратаевты еске алу кеші өтті /Қ.Махамбет. //Айқын.- 2010.-25 қыркүйек

   Мəуленов С. Құмнан - қияға: Сыншы-ғалым М.Қаратаев 60 жаста // Жұлдыз.- 1970.- N 12.- 135-142 б.

   Мұқанов С. Əдебиеттiң айбынды сақшысы: М.Қаратаевтың 60 жасқа толуына // Қазақ əдебиетi. - 1971.- 5 февр.

   Мұхамеджан Қаратаев: [Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымының докторы. Қазанама] // Егемен Қазақстан. - 1995. - 13 маусым

   Нұрғалиев Р. Тұлпар шабысты жүйрiк: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан.- 1995.-13 маусым

    Нұржанова Р. Қазақтың қайтпас қара нары //Сыр бойы. – 2010. – 16 қараша

    Нұртазин Т. Əдебиеттің айбынды сақшысы: М.Қаратаев – 60 жаста //Қазақ əдебиеті. – 1971. – 5 февр.

   "17 жылдық үзiлiс" баяны: Көрнектi əдебиет сыншысы М.Қаратаевтың соңғы аманат- сыры / дайынд. Ж.Қаратаева // Түркiстан.- 2010. - 15 сəуiр (№ 15). - 10 б.

    Оразаев Ф. Əділ сынның сардары //Қазақ əдебиеті. – 1985. – 27 декабрь. – 6 б.

   Оразаев Ф. Есте қалатын есiм: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Қазақ əдебиетi. - 1995. - 20 маусым (N12).- 4 б.

   Ровенский Н. Жауынгер жанр сапында: Сыншы - сыншы туралы: М.Қаратаев творчествосы жайында // Жұлдыз. - 1966.- N 11.- 121-125б.

    Салқынбай А. Қазақ сынының сардары: Ғалым, жазушы М.Қаратаев 100 жаста /

А.Салқынбай. // Өскен өңір.- 2010.-23 қазан

   Сарбалаұлы Б. Кемеңгердің көлеңкесі келешекке түседі:Көрнекті əдебиет зертеушісі, сарабдал сыншы Мұхаметжан Қаратаев туралы / Б.Сарбалаұлы. // Қазақ елі. - 2012. - 27 қаңтар. - 11 б.

    Сарбалаұлы Б. Қазақ əдебиетінің Қазыбек биі: Қазақ əдебиетінің ұлық сыншысы, сарабдал сарбазыМұхамеджан Қаратаев жайында/ Б.Сарбалаұлы. // Қазақ елі.-2012. - 27 ақпан. - 6 - 9 б.

    Сариев Ш. Бiр сөз: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан. - 1995. - 13 маусым

    Сатыбалдиев Ə. Қазақ əдебиетiнiң жаршысы: М.Қаратаев // Қазақстан мектебi.- 1970.- N 12.- 70-74 б.

    Сахариев Б. Жанр жүгiн арқалап...: [М.Қаратаевтың 60 жасқа толуына] // Лениншiл жас.- 1971.- 5февр.

    Сəрсекеев М. Сыншы жолы: [М.Қаратаевтың 50 жасқа толуына орай] // Жұлдыз.- 1961.- N 2. - 123-126 б.

    Сəрсекеев М. Сыншының еңбегi: [Көрнектi сыншы М.Қаратаев туралы] // Қазақ əдебиетi. - 1959. - 30 янв.

    Талғам тамыршысы: Алматыда М.Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті // Алаш айнасы.- 2010. - 18 қараша - 5бет

   Тəжiбаев Ə. Қош, қайран дос!: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан.- 1995.-13 маусым

   Тебегенов Т. Туған əдебиет тағдыры толғандырған //Ленин жолы. – 1990. – 26 желт.

   Тоғысбаев Б. Сыншы абыройы: [М.Қаратаевтың 50 жасқа толуына орай] // Лениншiл жас. - 1961. - 19 янв.

   Тоқмағамбетов А. Аға сəлемі: М.Қаратаевқа арналғанөлең //Ленин жолы. – 1971. – 5

февр.

   Төреқұлов Н. Аға сыншы //Алматы ақшамы. – 1990. – 27 желт. Төреқұлов Н. Сынның сырлы семсері //Лениншіл жас. – 1972. – 23 июнь

  Түменбаев Ж. Сыншы ғылымға деген зор құрмет //Ленин жолы. – 1971. – 2 июнь Хасенұлы М. Қош болыңыз, қадiрлi аға: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Халық кеңесi.- 1995.-13 маусым

   Шаухаманов С. СағынадыСыр сұлу, сағынадысары дала...: [Қазақстанның халық жазушысы М.Қаратаевтың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан. - 1995. -13 маусым


22 сәуір 2015 ж. 18:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: