МЕЙІРБЕКҰЛЫ ӘКІМ

     1938 жылы Жаңақорған ауданының Өзгент кеңшарында дүниеге келген.
     1956 жылы аудан орталығындағы орта мектепті бітіргеннен кейін ауылдық мәдениет бөлімінде, одан кейін туған ауылындағы кітапханада он жылдай кітапханашы болып істеді.
    Еңбек ете жүріп ҚазМУ-дың журналистика факультетінде оқып, оны 1975 жылы бітіреді. 1969 жылы аудандық «Екпінді» газетінің редакциясына қызметке ауысып, ұзақ жылдар бойы қызмет атқарады.
    1960 жылдардың басында қазақтың көрнекті ақыны Асқар Тоқмағамбетов және жыр алыбы Әбділда Тәжібаевтардың алғы сөздерімен облыстық, республикалық газеттерде топтама өлеңдері жарияланды. Ал, 1972 жылы республикалық «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деген ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енсе, 1977 жылы республикалық «Жалын» баспасынан «Кешіккен көктем», 1979 жылы «Көңілді жаз», ал, «Жазушы» баспасынан 1997 жылы «Дария» атты жыр жинақтары шықты. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» көптомдығының құрамында «Сырдария – сырлы анам» атты жыр кітабы жарық көрді.
 
 

Əдебиеттер:


 Мейірбекұлы Ə. Дария: Өлеңдер мен поэма / Ə.Мейірбекұлы.- Алматы: Жазушы, 1997.- 96бет.

 Мейірбеков Ə. Жүрек оты / Ə.Мейірбеков.- Алматы: Жалын, 1977.- 68 бет. Мейірбекұлы Ə. Жүрекке жол: Өлеңдер мен поэма / Ə.Мейірбекұлы.- Алматы: Жазушы, 2006.- 160 б.- (Қазіргі қазақ поэзиясы)

 Мейірбекұлы Ə. Сырдария - сырлы анам: Өлеңдер мен балладалар / Ə.Мейірбекұлы. - Астана: Фолиант, 2009.- 320 б.-(Сырдария кітапханасы)

 Мейірбекұлы Əкім:[Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы /Құраст. К.СағымбайұлыҚызылорда:Алтын Орда, 2001. – 166 б.

 Аяшұлы Д.Сырдың сыршыл бір ұлы: Ə.Мейірбекұлының «Дария» атты өлеңдер жинағы туралы пікір //Сыр бойы. – 1997. – 2 қырк.

 Елубаев Е. Бес қаламгер одаққа мүшелікке өтті: Қазақстан Жазушылародағына мүшелікке қабылданған қаламгерлер Д.Беркінбаев, Н.Рахметова, Б.Абызов,Н.Елтай, Д.Байдрахман, Ə.Мейірбеков / Е.Елубаев // Ақмешіт ақшамы.- 2010.-15 қазан

 Ергешбайұлы А. Руханият əлемінің өкілдері Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті: Н.Рахметова, Б.Абызов, Д.Аяшұлы, Ə.Мейірбеков, Д.Байдрахманов, Н.Елтай / А.Ергешбайұлы // Ақмешіт апталығы.- 2010.-7 қазан

 Мұқтарұлы С.Туған жердің жыршысы: Ақын Əкім Мейірбекұлы 60жаста //Сыр бойы. – 1998. – 24 қараша


23 сәуір 2015 ж. 10:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: