МҰХАМЕДЖАНОВ ҚАЛТАЙ

     1928 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1992), Қызғызстан Республикасының еңбегі сіңірген өнер қайраткері. 1953 жылы Ташкенттің театр және көркемөнер институтын бітірген. 1953-1970 жж. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызметтер атқарды. 1970-1999 жж. Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы (1970-1980), Жазушылар одағының 2-хатшысы (1982-1984), Кинематографистер одағы басқармасының 1-хатшысы, 1988–1998 жж. республикалық «Ара–Шмель» журналында, «Түркістан», «Заман – Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болды.

    Шығармашылық жолын М.Горькийдің «Тоғышарлар», С.Айнидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын аударудан бастаған. 1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туындысының премьерасы болды. Өмірдегі келеңсіздікті шынайы көрсеткен «Құдағи келіпті» (1961), «Қуырдақ дайын» (1964), «Өзіме де сол керек» (1968) сияқты комедиялары, сондай-ақ «Жат елде» (1967), «Біз періште емеспіз» (1987), «Көктөбедегі кездесу» (Ш.Айтматовпен бірігіп жазған, 1972) атты пьесалары жарияланды.

       «Шыңдағы шынар», «Айман–Шолпан» киносценарийлерінің де авторы.

     Қ.Мұхамеджанов – комедия жанрының шебері, оның пьесаларындағы күлкі ауызекі тіл пародиясы арқылы жасалған. Оның комедиялық және драмалық туындыларының қай-қайсысында да қазақ қоғамында рухани дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының Кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын көрініс тапты. Қ.Мұхамеджанов қоғам қайраткері ретінде күрескерлік қабілетімен, жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі азаматтық биік болмысымен көрінді. Мұхамеджанов шығармалары көптеген шет тілдерге аударылып, АҚШ, Ұлыбритания, БОлгария, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Қызғызстан, т.б. елдердің театрларында қойылды. Ол «Шыңдағы шынар» (1964), «Айман-Шолпан» (1970) киносценарийлерінің авторы. Аударма саласында «Құлдар» (С.Айни), «Киелі қан» (Айбек) романдарын, «Тоғышарлар» (М.Горький), «Жүрек сырлары» (Б.Рахмонов), «Ауру тістер» (А.Қаһар), «Ана – Жер–Ана», «Арманым, Әселім», «Ақ кеме» (Ш.Айтматов) пьеса, повестерін тәржімелеген. Шығыс классикасының «Мың бір түн» хикаяларын орыс тілінен аударып (1988-1989), 5 томдығын баспадан шығарды. 1978 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрген. 1998 жылы таңдамалы шығармаларының 3 томдығы шықты.

     Қазақстанның Халық жазушысы (1992). «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталған.


23 сәуір 2015 ж. 10:29
0 қарау
Пікір
1
Садуақас Шұғыла 8 желтоксан 2017 21:05
Өзімеде сол керек деген пьесасы керек
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: