ХАНГЕЛДІ САДЫҚБЕК

     1937 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласының іргесіндегі Тереңсай ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Қызылорда педагогикалық институтын, 1969 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Қызылорда локомотив депосында қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1959 жылдан Қызылорда облыстық радиосының дикторы, 1962 жылдан Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, идеология жөніндегі хатшысы, Қызылорда қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің насихат және мәдени-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болды. 1974 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімінің нұсқаушысы, кейін осы бөлімнің кадр даярлау секторының меңгерушісі болды. 1979 жылдан Қазақ КСР халықтық бақылау комитетінің ғылым-білім және мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1991 жылдан Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті кадр басқармасының бастығы, Алматы облыстық және қалалық радиосының бас редакторы, 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті кадр басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1997 жылдан зейнеткер.
       Бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
 
 

Əдебиеттер


   Хангелдин С.Ағынды арна: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1986. – 128 б. Хангельдин С. Алақан: өлеңдер /С.Хангельдин.- Астана: Фолиант, 2006.- 264 б.- (Отырар кітапханасы)

   Хангелдин С.Алқа (жыр жиһазы). – Алматы: Ана тілі, 2008. – 200 б. – (Мерейтойлық əдебиеттер)

   Хангелдин С. Аңсаған əнім: Жыр кітабы / С.Хангелдин.- Алматы:Алатау,1997.- 119 б. Хангелдин С. Жанартау жүрек: Өлеңдер / С.Хангелдин.- Алматы: Алатау, 1998.- 298б.

   Хангельдин С. Интернационалдық тəрьие мұрасы. – Алматы: Қазақстан, 1973. – 34 б. Хангелдин С.Қоңыр күз: (Садықбек Хангелдиннің өмірі мен шығармашылық жолы) /С.Хангелдин; Құраст. Əбдіжəлел Бəкір.- Алматы: Дəуір, 2008.- 288 б.

   Хангелдин С. Құбыла / С.Хангелдин.- Алматы: Дала, 2006.- 496б. – (Халықаралық «Дала» журналының кітапханасынан) 

   Хангелдин С. Сенім: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1985. – 88 б.

   Хангелдин С. Сұлу Сырдың сырғасы: Өлеңдер, поэма / С.Хангелдин; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2007.- 360 б.- (Сырдария кітапханасы) Хангелдин С. Уақыт сазы: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1982. – 112 б.

   Хангелді Садықбек //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 535 б

   Хангелді Садықбек //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 412-413 б.

   Хангелді Садықбек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 326 б.

   Хангелді Садықбек //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 509 б.

   Бəкір Ə. Азамат ақын //Сыр бойы. – 1998. – 23 сəуір

   Бəкір Ə. Замандас келбеті: Жазушы С.Хангелдин туралы / Ə.Бəкір //Халық.- 2008.- 16 сəуір

   Жолымбетов Ө. Қара жерді қатар басып келеміз: Жазушы Садықбек Хангелдин туралы / Ө.Жолымбетов //Түркістан.- 2008. - 27 наурыз

   Омарова Г. Құбыласын iздеумен өткен ғұмыр: Ақын Садықбек Хангелдиннiң "Құбыла" атты кiтабы туралы //Түркiстан.- 2007. - 12 сəуiр (N15) - 6 б.

   Оспан С. Қарапайым ақынның қоңыр үні //Алматы ақшамы. – 1998. – 10 сəуір. – 6 б.

   Өлеңде сарбаз, өмірде сырбаз Садықбек: Ақын С. М. Хангелдин "Сыр жауҺарлары"сериясында // Сыр бойы.- 2008.-1 наурыз.-3 б.

   Тұғыры берік талант: Жазушы Садықбек Хангелдин 70 жаста //Тіршілік тынысы.- 2008. - 29 наурыз


24 сәуір 2015 ж. 09:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: