ШОЙБЕКОВА ГҮЛЗАТ

      1967 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылында туған. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
   Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мақалалары мен әңгімелері республикалық, аудандық газеттерде жарияланып тұрған. 1991-1993 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Алатау» теледидарында, «Жаңа ғасыр» студиясында (бұрыңғы «Қазақтелефильм») еңбек еткен. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Аманат» студиясында редактор, «Қазақстан» телеарнасында редактор болып қызмет атқарған.
       2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Тоты аралының тұрғыны», 2008 жылы «Өмір сүру ережесі» атты проза жинағы жарық көрген.
       Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002).
 
 
 

Əдебиеттер


   Шойбекова Гүлзат. Өмір сүру ережесі: Əңгімелер мен повестер / Г.Шойбекова.- Алматы: Құс жолы, 2008.- 240 б.

   Шойбекова Гүлзат//Қазақстан жазушылары / Құраст.С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 433 б.

   Ахмади Ж. "Iнжу iздеген тереңге сүңгидi": Жазушы Гүлзат Шойбекованың"Өмiр сүру ережесi" атты кiтабы туралы //Ана тiлi. - 2009.- 5 наурыз (№9).- 8 б.

   Құрманбайұлы М.Жылылықтың салмағы бар: "Тарбағатай" журналының 2002 ж. 4 санында жарияланған Г.Шойбекованың "Өмiр сүру ережесi" əңгiмесiне сын //Қазақ əдебиетi. - 2004.- 1 қазан (N39). - 7 б.


24 сәуір 2015 ж. 09:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: