Арал батыр

     Арал өңірі – елдің елдігін сақтап қалуда ерен ерлік үлгісін көрсеткен хас батырлар мен от ауызды, орақ тілді атақты билер, аттары аңызға айналған арқалы ақындар шыққан тарихи да шежірелі өңір. Сондай асылдардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген – Андаұлы Арал батыр. Ол әрі би болған алаштың ардақты азаматы. Тегі – Кіші жүз. Алшын-Әлімұлы-Шекты (Жаманақ) – Жақайым аталығынан шыққан.

     Батыр жүзі ақсары, ірі денелі, сақалын өте қатты өсірмейтін кісі болыпты. Жауға қарсы соғыста Арал батыр ту ұстау міндетін атқарған екен. Арал батырдың қазіргі Сексеуіл стансасының жанында Дәкі деген жерде қонысы болған (Дәкі осы өңірде ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген батыр). Бүгінде Дәкі станциясының аты – Күнту.

   Аралдың әкесі Алшынбай Қосқұлақтан төрт ағайынды: Байжан би, Назарқұл (Мерген) батыр, Шатырғұл болып келеді.

   Арал батыр үш ағайынды: Арды, Сманбыт, Арал батыр. Аралдан Алданазар, Құлманбет батыр-болыс туады.

   Арал батырды Сыр бойының ақыны Қарман Сұлтанұлы:

   Аттанып шықты Дәкіден

   Жақайымның Аралы,

   Барғасын жаудың хабары – деп жырлаған. Ал Нұрғали Балтанбекұлы «Арал батыр» дастанында:

   Жанқожа, Арал батыр көп адаммен

   Келтірді кедергісін орыстарға-ай

   Қазақстар орыстармен ұрыс қылып,

   Ілгері жүргізбеді бір жыл ұдай...

   Айрықша Арал батыр ұрыс қылып,

   Алдынан бұзып шықты құрған тордан, - деп жырға қосады.

     Арал батырдың шөберелері Құлмамбетов Құдайберген ұста қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан еліне белгілі зергер, Шаймекова Ханзада Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат станциясында тұрады.

     Арал батырдың қылышы, сауыты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Бурабай деген жерде тайқазанға көмілген екен. Кейін бұл жерде монша салынған. Арал батырдың ұрпақтары сталиндік жаппай қуғын-сүргін заманында оны көрсете алмады. Уақыт өте тайқазанды іздесе де, таба алмапты.

04 мамыр 2015 ж. 09:14
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: