Қашқынбай батыр

     Қашқынбай Кемелұлы (шамамен 1789 – 1869) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Қашқансу бойындағы Даулы көл қонысында (қазіргі Ақжар ауылы) өмір сүрген батыр. Кіші жүздің Қожагелді руынан. Бұхарбай, Тоғанас батырлармен Кенесары жасағында бірге болған. Кенесары ханның баласы Тайшықты қырғыздардан босатып алу қимылдарына басшылық жасаған. 1860 ж. күзде Тайшық пен Ахметтің Қызылқұмға орнығуына көмектескен.

     Қашқынбай батыр туралы Т.Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында және т.б. Сыр бойы ақындарының жырларында айтылады.

   Қашқынбайдан Ылаубай, Қылауша, Алқаубай, Қабылан туады. Қашқынбай батырдың ұрпақтарынан өңкей батырлар шыққан. Жіңішкеқұмдағы батырдың зираты тұрған жер Қашқынбай есімімен аталады.

 

04 мамыр 2015 ж. 10:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: