Тайлақ батыр

     Тайлақ батыр 1693 жылы туылып, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Кейбір деректерде Тайлақ батырды Мәті бидің баласы деп жазған. Негізінде оның әкесінің аты Дүбір. Батырдың арғы тегі - Кіші жүздің Керейіті, Сандаулы аталығынан. Тайлақ батыр текті әулеттен шыққан, ата-бабалары өңкей ел қорғаған батыр, ел билеген би, хан болған кісілер.Тайлақ батыр Саңдаулыұлы Күне (Көне) биге шөпшек болып келеді. Тайлақ батыр қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерлік көрсеткен.

     Тайлақ батыр 1727 жылғы қазақ пен жоңғар арасындағы Бұланты-Білеуті өзеңдерінің бойындағы шешуші шайқаста ерекше көзге түскен.

    Белгілі жырау Қожаберген Толыбайұлының әйгілі «Елім-ай» толғауында Тайлақ батырдың есімі кездеседі. Қазақ-жоңғар соғысында ерекше ерлік көрсетіп, қазақтың ұлт ретінде сақтаулына елеулі үлес қосқан Тайлақ батыр жөнінде Ресей құжаттары мен халық арасында сақталған жырларда батыр баба мен жиені Ұлы жүздің батыры Саңырақ батыр ерлігі көп кездеседі. Тәуелсіз елдің тарихшылары Бұланты шайқасында шабуылдаушы әскердің қолбасылары болған Саңырақ пен Тайлақ батырлардың осы жеңістің «жолашарлары» болды деп бағалайды.

     Көрнекті түркітанушы ғалымдар В.В.Бартольд, И.Кастанье, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, М.Тынышбаев еңбектерінде Тайлақ батырдың есімі жиі кездеседі. Тайлақ батыр жайында жазушылар І.Есенберлиннің «Жанталас» (1973), Ә.Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), Ә.Әлімжановтың «Жаушы» (1974), С.Сматаевтың «Елім-ай» (1978,1980) атты кітаптарында суреттелген.

Тайлақ батырдың бейіті Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуандария ауылының жанындағы «Ақтайлақ кезеңі» деген жалғыз төбеде.


 

04 мамыр 2015 ж. 13:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: