ПАК ПЕТР ПАВЛОВИЧ

     Петр Павлович Пак 1905 жылы Приморөлкесі Фаташи аулында туған.Қызылорда облысы Қазалы ауданының «Қызыл Ту» колхозында егіс бригадасының звено жетекшісі болып істеді.

       Петр Павлович өз звеносында еңбек ұйымдастыру мәселесіне баса назар аударды. Ол звено мүшелерін бидай және күріш егістігін күтіп-баптауды дер кезінде сапалы жүргізетіндей етіп бөлді. Көктемгі егіс жұмыстарын оның звеносы алдыңғылардың бірі болып аяқтайтын. Звено әр гектардан 80 центнерден күріш өсіру үшін күресті.

       1948 жылы П.П.Пактың звеносы осы міндеттемені асырып орындады. Олар өздеріне бекітілген 5 гектар егістіктің әрқайсысынан орта есеппен 80,5 центнерден күріш дәнін бастырды. Бидайдың да түсімі мол болды. Еңбектегі осы ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Петр Павлович Пакқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Звено мүшелері ордендармен наградталды.

1961 жылы зейнетке шықты. 1963 жылы қайтыс болды.

04 мамыр 2015 ж. 18:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: