ПАК ЧЕН ИР

    Пак Чен Ир 1896 жылы Солтүстік Кореяда дүниеге келген. 1905 жылы ата-анасы Ресейге көшіп келіп, қиыр Шығыс өлкесіндегі Уссурий облысына қоныс тебеді. Ол 15 жасынан еңбекке араласып, 1929 жылы «ІІІ Интернационал» колхозының мүшесі болып кіреді. Еңбек озаты атанды, колхозшылар мен жолдастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды.

   1937 жылдан бастап, Қазақстан жерінде басқа күрішшілермен бірге күріш өсіру жөнінде рекордты көрсеткішке ие болады. Ол колхоз өндірісіне белсене қатысып, колхоз экономикасының өсуіне үлес қосты.

Пак Чен Ир 1949 жылы күріштен мол өнім алғаны үшін Ленин орденімен наградталды. Сол жылдың күзінде Пак өте жоғары өнім жинады: көлемі 5 гектар егістіктің әр гектарынан 101 центнерден дән бастырды. 1950 жылы 21 маусымда осы жетістігі үшін оған СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

     1956 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1961 жылы оның звеносы егіс көлемін 10 гектарға ұлғайтып, әр гектардан 90 центнерден өнім жинады. 10 жыл ішінде (1954—1964) Пак Чен Ир орта есеппен әр гектардан 60 центнерден күріш алды.

     Пак Чен Ир күріш егістігіне минералдың тыңайтқыштың кажетті мөлшерін самолетпен бір-ақ рет енгізудің прогресшіл әдісін бірінші болып қолданды. Еңбекті толық механикаландыру нәтижесінде оның звеносы елімізде ең арзан күріш беретін болды

    Пак Чен Ир СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне 4 рет қатысып, оның медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. 1968 жылдан одақтық негіздегі дербес пенсионер, колхоздың еңбек сіңірген колхозшысы болды. 1977 жылы ақпан айында қайтыс болды.

 

05 мамыр 2015 ж. 09:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: