ПАН МУН ГУК

     Пан Мун Гук 1905 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Сучан ауданы, Хинкамдон ауылында туған. Еңбек ардагері. 1929-1937 жылдары Сучан ауданының «Красный Авангард» ұжымшары төрағасының орынбасары, төрағасы, 1949-1950 жылдары күріш өсірушілер звеносының жетекшісі болды. 1949 ж. Панның звеносы әр гектардан 82,7 центнерден күріш алып үлкен көрсеткішке жеткен.Осы жетістігі үшін СССР Жогаргы Советі Президиумының 1950 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен оган Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

      1950—1957 жылдары Пан қайтадан колхоз председателінің орынбасары болды. Бұл колхоздың өркендеп дамыған, гүлденген кезі еді. 1957 жылы ол күріш өсіретін бригаданы басқарды. 1958 жылы оның бригадасы ең жоғары өнімге жетті — колхоз бойынша әр гектардан алынған түсім орта есептен 40 центнерден айналғанда, Пан Мун Гуктің бригадасы 50 центнерден дән бастырды. Оның бригадасы колхоздағы ең озат еді. Ол өткен барлық уақыт бойы күріштен мол өнім жинауды қамтамасыз етіп келді.

     Іскер, қайырымды, ұқыпты Пан Мун Гук колхозшылар арасында еңбегіне лайық зор беделге ие болды. Бірнеше рет еңбекшілер депутаттары жергілікті Советтердің депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланды.


08 мамыр 2015 ж. 09:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: