САРЫМСАҚОВ ӘБЖАМИ

    Сарымсақов Әбжәми 1928 жыл Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Аралсульфат елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын Аралсульфат комбинатында 1940 жылдың маусым айынан тұз сору қондырғысының жұмысшысы қызметінен бастаған. Онан кейін қондырғы машинисінің көмекшісі, машинисі, механигі және бастығы жұмыстарын атқарды. Тұз қазу цехында трактор паркінің механигі, комбайн механигі болып еңбек етті. Әбжәми Сарымсақов 1950-53 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы борышын абыроймен орындап, туған ауылына қайта оралысымен 1953 жылдан бастап «Сольтресте» тұз қазатын комбайнның механигі болып істеді. 1955 жылдан бастап он екі жыл бойы тұз көліндегі трактор паркінің бастығы болған. 1967-1989 жылдары тұз қазу цехының механигі,1989 жылы өзі сұранып қайтадан тұз қазатын комбайнның машинисі болып, 1991 жылға дейін қызмет атқарған. Сол жылы «Аралтұз» комбинатында 50 жыл 8 ай бір цехта еңбек еткен Әбекең зейнет демалысына шыққан. Әбжәми Сарымсақов ерен еңбегі үшін 1964 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған. 1971 жылы 21 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Әбжәми Сарымсақовқа ұзақ жылдар бойы жоғары еңбек көрсеткіштеріне жеткені үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Ленин» ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен және «В.И.Ленин 100 жылдығы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған. Көп жыл бойына аудандық және поселкелік Кеңестің депутаты болып сайланды, Арал аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Әбжәми Сарымсақов Қазақстан Республикасы бойынша тұз өндіру саласынан Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірден-бір еңбек озаты. Еңбек батыры Ә.Сарымсақовтың өмірі бүгінгі және келер ұрпақтар үшін өшпес өнеге, теңдесі жоқ ұлағат болып табылады. 1999 жылы дүниеден озды.


08 мамыр 2015 ж. 09:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: