ИСА ТОҚТЫБАЕВ

   Иса Тоқтыбаев 1894 жылы 15 ақпанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданындағы Қараөзек ауылында дүниеге келген. 1904-1917 жылдары Перовскідегі орыс-қазақ мектебінде, бастауыш орыс училищесінде орталау білім алып, Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген.

   Содан кейін 1922 жылға дейін Қазақ ғылымын дамыту, көшпенділер арасында білім тарату комиссиясының төрағасы, мемлекеттік баспа бастығының орынбасары, республика оқу-ағарту комиссариатының коллегия мүшесі қызметтерін атқарады.

1922-1925 жылдары «Шолпан» журналының, «Ақ жол» газетінің редакторы, Актөбедегі жер басқармасының бастығы, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы, Орынбордағы педагогикалық институттың директоры және жұмысшы факультетінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.

   1929-1930 жылдары Қазақ АССР-ы Халық ағарту комиссарының орынбасары.

  1930-1932 жылдары Ленинград педагогикалық институты аспирантурасының аспиранты, сонымен бірге Қызыл Профессура курсында тыңдаушы болды.

  1932-1933 жылдары сол Ленинградтағы Шығыс халықтары курсының редакторы және Ленин атындағы әскери саяси академиясының СОКП тарихы бойынша лекторы болды.

   1933-1936 жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеде отырды.

   1936 жылы В.Куйбышев көмегімен босап шықты.

  1937 жылы Ленинградтағы этнографиялық музейінде бөлім меңгерушісі қызметінде болады. 1938-1947 жылы екінші рет қамауға алынып, Коми АКСР-інде түрмеде отырды. 1947 жылы түрмеден босап, Тереңөзекке оралады.

1949-1957 жылдары үшінші рет ұсталып, Красноярск өлкесіне жер аударылды. 1957 жылы ақталып, елге қайтты. 1958-1964 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық өлкетану музейін ұйымдастырушы әрі директоры болды.

1967 жылы 9 маусымда қайтыс болды.

   Қаладағы бір көшеге есімі беріліп, өзі тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған. 1998 жылдан туған ауданындағы №35 қазақ орта мектебі И.Тоқтыбаев есімімен аталады.

   Иса Тоқтыбаевтың төрт ұлдары болған: Рем, Варлен, Лорен, Маулен. Лорен Ленинград блокадасы кезінде хабарсыз кеткен. Қазір ұлдарының бәрі де қайтыс болған. Немелерінен 3 ұл, төрт қыз бар.

08 мамыр 2015 ж. 15:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: