ӘБДІКӘРІМОВ ШАКИЗАДА

   1956 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

   Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» кітабына енген. 1981-1985 жж. Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, 1985-1995 жж. Байқоңыр қалалық телекомпаниясының төрағасы, 1996-1997 жж. республикалық «Қазақстан–1» теледидарының Қызылорда облысы және Байқоңыр ғарыш кешені бойынша меншікті тілшісі, 1997-1999 жж. Қызылорда арнайы экономикалық аймағы теледидарының төрағасы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Қоғам» газетінің директоры. Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы.

  1983 жылы «Қарлығаш» ұжымдық кітабында өлеңдері жарық көрген. «Байқоңыр», «Төрткүл» өлеңдер жинағының авторы. Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы «Байқоңыр» өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған (2004). Құрмет орденімен марапатталған (2011). 2012 жылы желтоқсан айында "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 16:01
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: