АХМАДЕЕВА НАҒИМА АБДУЛОВНА

   Ахмадеева Нағима Абдуловна 1918 жылдың 5 наурызында Петропавл қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келді.

   1936 жылы Петропавл мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін оқытушы болып жұмыс істеді. Одан кейін 1943 жылдан бастап қала, аудандық білім беру басқармасында меңгерушілік қызметтер атқарды. 1945 жылы Қызылорда қаласына келгеннен кейін қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1950-1952 жылдары қалалық партия комитетінің хатшысы, 1952-1978 жылдары №112 орта мектептің директорлығы қызметтерінде болды. 1991 жылдан бастап татар ұлттық-мәдени орталығына жетекшілік жасады. Өмірі өнегеге айналған нағыз ұстаз, орасан қабілетті ұйымдастырушы Нағима Абдулқызының қыруар педагогтік еңбегі мемлекет тарапына бағаланып бірнеше наградалар мен атаққа ие болды. Ол 1961 жылы Ленин орденімен, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім деген құрметті атақтарымен марапатталды. Ол бірнеше дүркін қалалық кеңестік депутаты болды. Белсенді қызметі үшін 1997 жылы облыс әкімінің стипендиясына ие болды.

   1978 жылы 28 наурызда "Қаланың құрметті азаматы" атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 16:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: