Алпысбай Бақытбек

   Алпысбай Бақытбек Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алпысбай Бақытбек – 1948 жылы 20 қыркүйекте туған. Білімі – жоғары. 1970 жылы Алматының М.Әуезов атындағы Академиялық драма театырының студиясын бітірген. Сол жылдан бастап Қызылорда театрында артист қызметін атқарады. Осы жылдар ішінде 160-тан астам рольдерді сомдады. Ол әртүрлі жанрларда ойнай алатын кең ауқымды артист. 1996 жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы кино және театр институтының театр факультетін үздік дипломмен бітірді. Актер ретінде Б.Алпысбай образдың шынайы характерін шығаруда талмай көп еңбектенеді. Актердің осындай биік деңгейлі шығармашылық еңбегі арнайы бағаланып, соның нәтижесінде 1990 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» атағын алды. 1998 жылдың үздік актері, 2000 жылы Павлодарда өткен республикалық VIII театрлар фестивалінің «Үздік эпизодтық бейне» номинациясының иегері, 2001 жылғы облыс әкімінің степендиаты. Б. Алпысбай республикаға танымал, шеберлігі толысқан сахнагер. 1970 жылдан бастап күні бүгінге дейін театрдың қоғамдық жұмысынан қол үзіп көрген емес. Театр комсомол ұйымының хатшысы, халықтың бақылау комитетінің орынбасары, 15 жылдай кәсіподақ ұйымын басқарды. Жағымпаздыққа жаны қас, кімге болса да ойындағысын ашық айтатын, тік мінезді, қолға алған ісін орындамай тынбайтын адал да ақкөңіл, аламгершілігі мол азамат. Ал 2004 жылдың қаңтары – 2006 жылдың желтоқсаны аралығында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарды. Қызметкерлермен ортақ тіл тауып, оларды тәрбиелей де, нақты іске жұмылдыра да білді. Б.Алпысбайдың директорлық қызметі кезінде театр ұжымы Қостанай, Астана, Қазан, Алматы қалаларындағы театр фестивальдеріне қатысып, үлкен абыроймен оралды. Ол өзінің адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылы 12 желтоқсандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Елбасының 2011 жылы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.

 

27 мамыр 2015 ж. 18:01
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: