Әмір Темір Хұсейін

   Әмір-Темір Хұсейін 1940 жылы Сырдария ауданы А.Тоқмағамбетов ауылында туған.

   Режиссер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері (2000). 1965 жылы Алматыдағы өнер институтын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

  1965-1967 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында актер әрі шеберлігі сабағының оқытушы, 1967-1990 жылдары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында актер, режиссер, бас режиссер, 1992-2003 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында бас режиссер болып қызмет етті. 2003 жылданҚызылорда драма театрының көркемдік жетекшісі. 20-дан астам рөлде ойнап, 200-ге жуық қойылымды сахнаға шығарды. ҮІ, Х, ХІ, Қазақстан Республикалары театрлары фестивальдарының лауреаты.

   «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және бірнеше дипломдармен марапатталған.


29 мамыр 2015 ж. 15:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: