Қалымбетова Күлән

   Қалымбетова Күлән Жантемірқызы(22.4.1957жылы туылған,Қазалы ауданыБекарыстан би ауылы) – әнші, артист.Қазақстанныңеңбек сіңірген артисі (1998).

     Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінің бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1977 жылы "Мелиоратор" сарайына көркемдік жетекші болып қызметке орналасқан. 1978 жылы қаңтар айында облыстық "Өмірімді әнмен өрнектейміз" атты байқауға қатысып, сол жылы облыстық филармонияның әншісі қызметіне шақырту алады.

   Бірнеше облыстық байқаулардың жеңімпазы. 1992 жылғы тұңғыш Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудың лауреаты, 1993-1994 жылдары Алматы қаласында өткен "Қарқара" жәрмеңкесіне қатысқан. Сонымен бірге Өзбекстанның Бұқара, Самархан, Новаии, сонымен қоса Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерінде гастролдік сапарда болған.

   1998 жылы 13 мамырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атағын алды. 2002 жылы Қызылорда педагогикалық университетінің музыка бөлімін үздік дипломмен бітіріп шықты. 2002 жылдың қорытындысымен халықтың сүйікті әншісі номинациясына ие болды.

    Қалымбетованыңрепертуарында«Сәулем-ай», «Керім-ау айдай», «Әттең тонның келтесі-ай», «Күміс құмған», «Қайдасың», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик», т.б. кең тараған әндер мен Қызылорда өңіріне танымал сазгерлер: Н.Алғашбаев, Л.Әбдіхалықова, Г.Даукенова, М.Сыздықовтардың шығармалары енген.


29 мамыр 2015 ж. 16:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: