Нүрекеев Мейірман

   Мейірман Нүрекеев (24.10.1946, Шиелі кенті – 1997,Алматықаласы) – артист. Мәскеудегі Шепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген (1971). Еңбек жолын Арқалық қаласындағы драма театрда артист болып бастаған. 1987 жылға дейін қазақ радиотеледидарында, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткен. 1987 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академия драма театрының актері болды. Нүрекеев Тымақбай (Ғ.Мүсірепов «Амангелді»), Лорио (Ф.Эрве «Түлкі бикеш»), журналист (А.Жағанова «Беймаза әйел»), Маңғас (Т.Ахтанов «Жоғалған дос»), Мақсым (Саид Ахмад «Күйеу»), Кәдірбек (Ә.Тәжібаев «Махаббат»), Ескермес (Қ.Мырзалиев «Түрт, сайтаным, түрт»), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. «Қазақфильм» кино студиясында бірнеше киноларға түскен. Нүрекеевтің есімі «Тамаша» ойын-сауық отауында ойнаған рөлдерімен жұрт есінде қалған.

29 мамыр 2015 ж. 16:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: