Ниязов Мұхтар

    Ниязов Мұхтар – Жалағаш ауданында туған (04.11.1985). Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті филология факультетін бітірген. Жазба ақын ретінде қалам тартқан ол айтыс өнерін аудандық оқушылар айтысына қатысудан бастады. Мұхтар облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Астана қаласында өткен VI – Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің поэзия номинациясы бойынша дипломант атанды. Қызылорда қаласында өткен Республикалық «Елбасы Жолдауы – Елдіктің арқауы» атты ақындар айтысының жүлделі І орын, Қызылорда қаласының астана болғанына 80 жыл толғанына арналған «Жырым сенсің, Қызылорда!» республикалық ақындар айтысының ІІ орын, Халық ақыны Манап Көкеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Манаптың бір өзі – бір театр» атты Республикалық ақындар айтысының ІІ орын иегері. Орал қаласында өткен халық батыры Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері. Жалағаш ауданының 70 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысының Бас жүлдегері. Сыр бойындағы ұлттық өнеріміз айтысты, суырып-салма ақындық дәстүрлі жалғастыру, айтысқа жастарды көптеп баулу мақсатында құрылған «Ақ сөйле!» атты ақындар бірлестігінің басшысы.

29 мамыр 2015 ж. 16:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: