Ноғайбаев Әлмырза

    Әлмырза Әлиұлы Ноғайбаев (1947) – әнші, сазгер. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996).  Алматы қаласындағы эстрада студиясын (қазіргі эстрада-цирк өнері колледжі) Ғ. Құрманғалиевтың әншілер класы бойынша бітірген (1967). 1967 жылы Қарағанды мемлекеттік филормониясының әншісі. 1997 жылдан Шиелі ауданы Балаби аудандық мәдениет үйінің директоры. 1977 жылы «Жас дәурен» ансамблі құрамында Португалияда өткен Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. 1998 жылы Ашғабадта өткен Азия және Қазақстан әнші-сазгерлері фестивалінде бас жүлде алды. Ноғайбаев 60-қа жуық ән жазған, оның ішінде «Думан», «Бір үзім нан», «Ләйләжан», «Қара мең», т.б. әндері кең тараған.

29 мамыр 2015 ж. 16:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: