Сәменов Шәкірбек

   Тереңөзек кентінде 1 наурыз 1950 жылы туған. 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының көркемсурет-графика факультетіне түсті. 1972 жылдан бүгінге дейін Қызылорда көркемсурет шеберханасында жұмыс істеді. Осында кәсіподақ комитетінің төрағасы, шығармашылық секциясының жетекшісі, көркемдік кеңесшісі сияқты қызметтерді атқарды. 1974 жылдан республикалық, бүкілодақтық және шет елдердегі көрмелерге қатысып келеді. 1975 жылы КСРО Жас суретшілер одағының мүшелігіне қабылданады. 1981 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1988 жылы Қазақстан Суретшілер одағының XII съезінде Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесіне сайланды. Осы съезде Қазақстан Суретшілер одағынан Қызылорда облыстық көркемсурет шеберханасының өкілі болып тағайындалды. 1990 жылы Қазақстан Суретшілер одағының Қызылорда бөлімшесінің бірінші төрағасы болып сайланды. 1989-1990 жылдары «Арал» Бүкілодақтық шығармашылық тобына жетекшілік етті. Облыс әкімінің 2008 жылғы стипендиаты.

  Шығармалары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайынан, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қорынан және «Өнер» көрме дирекциясының Германия, Канада және тағы басқа елдердің жеке коллекция қорларынан орын алған.


29 мамыр 2015 ж. 16:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: