Шотықов Серік

   Серік Бәриұлы Шотықов(5.3.1937 ж. т.,Алматы облысыҚаратал ауданыАлғазы аралы) – актер,Қазақ КСР-інің халық артисі (1990).

  Еңбек жолын Талдықорған драма театрының көлік жүргізушісі болып бастаған. Осы театрда қойылған І.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында” спектаклінде ойнаған Шотықов шағын эпизодтық фотограф Сайлаубектің рөлін (1959) сәтті орындауымен актерлік өнер жолына біржола бет бұрды. Ол жарты ғасырлық шығармашылық еңбек жолында 250-ге тарта рөлдерде ойнады.

   Ш. Жантық, Қарабай, Сердәлі (Ғ.Мүсірепов, "Қозы Көрпеш – Баян сұлу” мен "Ақан сері – Ақтоқты”), Жапал, Көбей (М.Әуезов, "Еңлік – Кебек”), Мәмбет (Ш.Айтматовпен Мұхамеджанов, "Көктөбедегі кездесу”),Төле би(Т.Ахтанов, "Ант”), Кэлин Абабий (И.П. Друцэ, "Ең киелі қасиет”), Соленый, Гаев (А.П. Чехов, "Апалы-сіңлілі үшеу” мен "Шиелі бақ”), Майор (И.Эркень, "Сау басыма сақина”), Вурм (Ф.Шиллер, "Зұлымдық пен махаббат”), Сайқымазақ, Дункан (У.Шекспир, "Король Лир” мен "Макбет”, алғашқы рөлі үшін 1977 ж. классикалық туындылар бойынша қойылған спектакльдердің Республикалық байқауында 1-дәрежелі дипломға ие болды) сияқты әр алуан жанрдағы спектакльдерде қызғылықты да күрделі сахналық мінез-кейіптерді жасады. Қызылорда драма театрының көркемдік жағын (2001 – 03) басқарумен қатар әр жылдары спектакльдер де (І.Найманбаевтың "Домалақ арыз”, І.Сүйенішовтың "Сен де жалғыз, мен жалғыз”, екеуі де 1987; С.Балғабаевтың "Біз де ғашық болғанбыз”, О.Бодықовтың "Үйленгім келмейді”, екеуі де 2002; Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, 2003) қойған. "Құрмет” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

29 мамыр 2015 ж. 18:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: