Төлепова Шәмшат

   Төлепова Шәмшат (1930,Қармақшы ауданы Т.Көмекбаева. – 17.7.2002, сонда) – термешіжырауҚазақстанның еңбек сіңіпген  мәдениет қызметкері (1990). 12 жасынан ән мен жыр, терме айтып жыраулық дарыны мен өнерге бейімділігі ерте байқалған. 1948 жылдан Н.Бекежанов басқарған эстрадалық өнер тобында жұмыс істеп, ұстазы Р.Жиенбаевтан жыраулық өнердің қыр-сырын толық меңгерген  Төлепова 1976 ж. жыраулардың облысы слетінде алғашқы жүлдесін алды. 1986ж. Қармақшы ауданы мәдениет үйі жанынан «Жиенбай жырау» мектебін ашып, Сыр бойы мақамының кең таралуына үлкен ықпал жасады. 1987 ж. Алматыда өткен Бүкілодақтық халықтар шығармашылығы фестивалінің лауреаты болды. 1997ж.Алматыда болған «Лорд» конференциясында ән салып, еуроп. саз өнері мамандарының құрметіне ие болды. 1999ж. ауданы комиссия қорытындысымен «Ғасырдың өнер шебері» атағын алды. Белгілі Сыр сүлейлері: БазарОңғарОмарТұрмағамбетНартай, т.б. жырау-ақындардың дәстүрін жалғастырушы.


01 маусым 2015 ж. 10:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: