Ауыл шаруашылығы әдебиеті және техникалық әдебиет бөлімі

Ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі қорында не бар екендігін білгіңіз келе ме?

Бұл жерде ауылшаруашылық, экономикалық,  техника,  өсімдік және жануарлар әлемі туралы жан жақты да бірегей  15000 мыңнан  аса  әдебиеттер жинақталған.
Оқырманға арналған  40 орындықты және ғылыммен шұғылданатын мамандар үшін жеке 10 орынды кабиналары  бар оқу  залы бар.

Оқырман бөлімнен өзіне қажетті әдебиет  бойынша сұраныс жасай алады.
Көпшілік қызмет көрсетудің әр түрлі әдістері қолданылады: «Ақпарат күні»,  «Кафедра күні», Мамандар күні,   жаңа түскен әдебиет бойынша және қажетті тақырыптар бойынша әдебиеттер тізімі ұсынылады.

Бөлімде пайдаланушылар жұмыс жасауда жеңіл игерілетін әрі ыңғайлы құрал «Эталон»  нормативті-техникалық құжаттамалар дерек қорына қажетті мәліметтер алуда еркін қол жеткізе алады.  

Бөлім ауылшаруашылық департаментімен, облыстық экология және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен тығыз байланыста  жұмыс жүргізіп келеді.

Егер сіз бос уақытыңызда шеберлігіңізді шыңдай түскенді ұнататын болсаңыз, біздің бөлімнен өзіңізге көмекші бола алатын кітаптарды таба аласыз. Мысалы, бөлім қорындағы макрама, моншақ тоқу, кесте тігу  және т.б.  әдебиеттері үйіңізде отырып сүйікті ісіңізбен айналысуға жәрдем жасай алады. Сонымен қатар бөлімде  «Дом и интерьер»,  «строительство», «күріш шаруашылығы», «мал шаруашылығы», «орман шаруашылығы»,  «металл бұйымдары»,  «дизайн», «парихмакерское дело»  т.б  салалық әдебиеттер оқырмандарға  ұсынылады. 

Бөлім меңгеруші: Алиева Бибайша  Нургалиевна
Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17
E-mail:bibka_1965@mail.ru
13 қаңтар 2015 ж. 16:29
2 қарау