БАЙМАҒАМБЕТОВ ҚУАНЫШ

     Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді атындағы кеңшарда туған. Ерте сауатын ашқан. Теміржол  жұмысшысы (1919–1925), бастауыш мектеп мұғалімі (1925–1945), кітапхана меңгерушісі (1945–1960) болып  істеген. «Мәрия – Мағауия» дастаны 1926 жылы «Әйел теңдігі» журналында басылды. «Ақындар шашуы» (1927),  «Ленин» (1928) жинақтарында өлеңдері шықты. 1929 жылы «Кедей жыры» деген атпен өлеңдерінің жинағы  жарық көрді. «Аңламас батырдың оқиғасы», «Сағит пен Сағат», «Қаңғыбас Сандыбадтың ертегісі», т.б.  дастандарында ерлікті, достықты, махаббатты жырлайды. Иса Байзақовпен (1925), Айтбай Дүйсенбаевпен (1957)  айтыстары бар. 1948 жылы республикалық ақындар айтысының бас жүлдесіне ие болды. «Шаһнама», «Мың бір  түн» оқиғаларының ізімен жыр жазған. Соғыс жылдары жазған «Тас жарған шындық» атты поэмасы заман мен  адам мәселесіне арналған. Ауыз әдебиетінің үлгілерін, Сыр бойы ақындарының, Отан соғысы жауынгерлерінің  өлеңдерін жинауға көп еңбек сіңірді.
     Қ.Баймағамбетов жинаған ауыз әдебиеті үлгілері «Стамбек», «Қым-қиғаш», «Жүсіп – Зылиқа», «Мария –  Мағауия», «Мұса пайғамбар», «Сандыбадтар жер сапары», «Андамас батыр оқиғасы», т.б. қисса-дастандар ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтының қолжазба қоры мен Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы.
 

Əдебиеттер:

   Баймағамбетов Қ. Шығармалары. - Астана: Фолиант,2009.- 432б.

***

   Баймағамбетов Қуаныш //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 110 б.

   Баймағамбетов Қуаныш //Қазақстан жазушылары /Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 80 б.

  Баймағамбетов Қуаныш //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 67б.

   Баймағамбетов Қуаныш//Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 34 б.

   Баймағамбетов Қуаныш //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 104-105 б.

   Баймағамбетов Қуаныш // Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 151 б.

   Баймағамбетов Қуаныш //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 97 б.

   Сыр сүлейінің бірегейі еді...: Ақын Қуаныш Баймагамбетов туралы //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст.Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 257-259 б.

   Еңсегенов Т.Қуаныш Баймағамбетов //Еңсегенов Т. Сыр бойы ақын-жазушылары:Əдеби зерттеу. –Алматы: Білім, 2000. – 192-198 б.

   Алпамысова З.Б. Тереңнің гауһарын терген ақын: Қ.Баймағамбетовтың шығармашылығы жайлы / З.Б.Алпамысова // Баймағамбетов Қ. Шығармалары.- Астана, 2009.- 5-22 б.

   Алпамысова З. Қуаныш Баймағамбетовтың "Əбуғалисина-Əбiлхарис" қиссасының көркемдiк ерекшелiгi // Қазақ тiлi мен əдебиетi.- 2002.- N8.- 36-39 б.-Библиогр.: 6 атау.

   Алпамысова З. Халық ақыны Қ.Баймағамбетовтiң гуманистiк-ағартушылық көзқарастары // Қазақ тiлi мен əдебиетi. - 2002. - N 10. - 37-40 б.

   Бəтеш Ə. Сыр сүлейінің жүз жылдығы //Сыр бойы. – 1995. – 15 қараша Бекбергенова Р. Жүректерге ұмытылмас жыры қалды:Өлең //Ленин жолы. – 1985. – 27 апрель

   Бекбергенова Р. Отыз жыл ақын əке көз жұмғалы //Сыр бойы. – 2003. – 23 қазан Боқанов С.Жыр тұлпары //Сыр бойы. – 1993. – 18 наурыз

   Дайрабаев Т. Сыр сүлейінің бірегейі еді //Сыр бойы. – 1995. – 12 сəуір Есмаханов С. Жыр жүйрігі //Ленин жолы. – 1985. – 27 апрель

   Жəмiшұлы Ə. Тереңнен маржан тергендей...: [Ақын Қ.Баймағамбетовтың шығармашылығы туралы] //Түркiстан.- 1995. -12 сəуiр

   Қоңыратбаев Ə. Дарынды ақын //Ленин жолы. – 1985. – 27 апрель

   Қоңыратбаев Ə. Қуаныш Баймағамбетов – халық ақыны //Ленин жолы. – 1965. – 20нояб.

   Мырзахметұлы Қ. Асқар мен Қуаныш / Қ.Мырзахметұлы // Жұлдыз.- 2006.- N2.- 204-206б.

   Мырзахметұлы Қ. Асқар мен Қуаныштың достығы / Қ.Мырзахметұлы //Сыр бойы.- 2005. - 15 наурыз

  Мырзахметұлы Қ. "Жiбер қайта шабытын шалқақтатып": Ақын Қуаныш Баймағамбетов туралы // Егемен Қазақстан.- 2005. - 6 сəуiр (N67). - 5 б.

   Рахматулла Ж. Көсем сөздің піріндей //Сыр бойы. – 1996. – 9 шілде

   Рахматулла Ж. Сырдың саңлақ сүлейi Қуаныш ақынның мол мұрасы мұрты бұзылмай жатыр: Жырау-термешi, айтыскер-ақын Қуаныш    Баймағамбетов туралы //Егемен Қазақстан. - 2001. - 22 тамыз (N185).- 3 б.

   Сүлейменов Б. Қуаныш ақын ұстазым еді //Ленин жолы. – 1991. – 18 қаңтар Тоқмағамбетов А. Қуаныш ақын: Ақын Қ.Баймағамбетов туралы // Қазақ əдебиетi.- 1969.- 24 май


20 сәуір 2015 ж. 17:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: