ТОБАҒАБЫЛ ТӨЛЕПБЕРГЕН

    1936 жылы 20 мамырда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты Ақарық ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1963). Еңбек жолын 1957 жылы бастаған. 1957–1962 жж. Тереңөзек аудандық «Еңбек майданы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 1962–1963 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, 1963–1967 жж. Қазақ радиосының редакторы, 1967–1970 жж. Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде бас редактор, 1970–1973 жж. «Қазақтелефильм» студиясының сценарий жөніндегі алқа мүшесі, 1973–1992 жж. Қазақ радиосында бас редактор, 1992–1994 жж. Халықаралық «Тұран» радиосының бас редакторы, 1994–1996 жж. Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінде бөлім бастығы болды. Қазір шығармашылық жұмыста.
    «Баспалдақ» атты алғашқы өлеңі 1955 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. Кейін «Жаңылтпаштар» (1963), «Сағадат Нұрмағамбетов» (1966), «Өкініш» (1966), «Өңшең мықты» (1968), «Тағдыр» (1970), «Жазира» (1971), «Тағы бір күз» (1975), «Түсінсең еді мені» (1978), «Время жить» (1980), «Жүрегім соғып тұрғанда» (1982) атты өлең, повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген. «Көктемнің ең ұзақ күні», «Құзар» атты деректі телефильмдер сценарийлерінің авторы. «Коммунист Мұқан Көккөзов» 1975 жылы Владивосток қаласында өткен Бүкілодақтық байқауда арнаулы дипломға ие болған. 
        «КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі» белгісімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 
 
 

Əдебиеттер


   Тобағабылов Т. Жүрегім соғып тұрғанда: Повестер /Т.Тобағабылов.- Алматы: Жалын, 1982.- 288 бет.

   Тобағабылов Т. Тағы бір күз:Повесть. – Алматы: Жазушы, 1975. – 215 б. Тобағабылов Т. Түсінсең еді мені !: Повестер мен əңгімелер / Т.Тобағабылов.- Алматы: Жалын, 1978.- 232 бет.

   Тобағабыл Төлепберген Əбенұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 502 б

   Тобағабыл Төлепберген //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 385 б.

   Тобағабыл Төлепберген //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 302 б.

   Тобағабылов Төлепберген // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр.анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 611-612 б.

   Тобағабыл Төлепберген//Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»ЖШС, 2005. – 480 б.

   Тобағабыл Төлепберген //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 196-197 б.

   Ақпанбетұлы Ə. Еменнің иір бұтағы: Жазушы Т.Тобағабыл 60 жаста //Жас Алаш. – 1996. – 28 мамыр

   Əлiмова Ə. Қаламгерге құрмет көрсетiлдi: [Сыр бойы жұртшылығы жазушы Төлепберген Тобағылдың 60 жас құрметiне той жасады] // Түркiстан.- 1996.-26маусым

   Ерғалиев Х. Уақытпен үндестiк: [Жазушы Т.Тобағабыловтың 50 жасқа толуына орай] // Қазақ əдебиетi.- 1986.- 23 май

   Жұмабай Ə. Жаны жайсаң қаламдас: Жазушы Т.Тобағабыл 60 жаста //Қазақ əдебиеті. – 1996. – 28 мамыр (№22). – 13 б.

   Қалмұратұлы М., Əбдіхалықұлы Е. Сырбойынан түлеп ұшқанбір түлек: Жазушы Т.Тобағабыл туралы //Тіршілік тынысы. – 2006. – 24 маусым

   Молдағалиев Т. Өзiндей əдiлеттiң...: Т.Тобағабыловқа арналған өлең //Егемен Қазақстан. - 1996. - 31 мамыр

   Отарбаев Р.Жүрегі соғып тұрғанда: Жазушы Т.Тобағабыл 50жаста //Лениншіл жас. – 1986. – 7 июнь

   Тəжiбаев Ə. Дарын дархандығы: [Жазушы Т.Тобағабылов туралы] //Егемен Қазақстан. - 1996.-31 мамыр

   Ұлым дейтін елің бар, елім деуге жарасаң: Жазушы Т.Тобағабыл 70 жаста //Сыр бойы. – 2006. – 15 маусым


23 сәуір 2015 ж. 15:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: