Қашқынбай батырҚашқынбай Кемелұлы (шамамен 1789 – 1869) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Қашқансу бойындағы Даулы көл қонысында (қазіргі Ақжар ауылы) өмір сүрген батыр. Кіші жүздің Қожагелді руынан. Бұхарбай, Тоғанас батырлармен Кенесары жасағында бірге болған. Кенесары ханның баласы Тайшықты қырғыздардан босатып алу қимылдарына басшылық жасаған. 1860 ж. күзде Тайшық пен Ахметтің Қызылқұмға орнығуына көмектескен. Қашқынбай батыр туралы Т.Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында және т.б. Сыр бойы ақындарының жырларында айтылады. Қашқынбайдан Ылаубай, Қылауша, Алқаубай, Қабылан туады. Қашқынбай батырдың ұрпақтарынан өңкей батырлар шыққан. Жіңішкеқұмдағы батырдың зираты тұрған жер Қашқынбай есімімен аталады.
|
Пікір
3
Гости19
Роботы23
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 8 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ