ӘБИЕВ АРАПБЕК

   Әбиев Арапбек 1941 жылы Жаңақорған ауданы, қазіргі «Қожакент» ауылында дүниеге келген. Жаңақорғандағы №17 кәсіптік-техникалық училищені бітірген. Дала академигі атанған күрішші Ыбырай Жақаевтың мектебінен өткен.

      1968-1977 жылдары күріш звеносының жетекшісі болды, 1978-1994 жылдары күріш бригадасын басқарды, 1994-1997 жылдары кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болды. Ол алғашқы жылдан бастап күріштен мол өнім жинап, озат диқан атанды.

    Арапбек Әбиевтің еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келді, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 24 желтоқсан 1976 жылғы жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

     Ол екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық жетістіктері көрмесінің күміс және алтын медальдарымен марапатталды, осы көрменің «Москвич-412» автокөлігін сыйға алды.

      Сондай-ақ, ол «Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасына ие болды. Қазір Республикалық дәрежедегі зейнеткер.


04 мамыр 2015 ж. 15:03
0 қарау
Пікір
1
Айтбек Бекмурзаев 20 тамыз 2019 16:55
Арапбек ата коп жасаныз балаларыныздын кызыгын корингиз.Шымкент Асар 1.учаска дом 1017/1
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: