ЖҰМАБЕКОВА СӘЛИМА

    Жұмабекова Сәлима 1935 жылы 25 тамызда Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, көпбалалы батыр ана. Социалистік Еңбек Ері (1980). 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана. Еңбек жолын сауыншы болып бастаған. 1953 – 1959 ж. «Ақжар» кеңшарында әртүрлі жұмыс істеп, 1959 – 1986 ж. «Ленин» атындағы Кеңшарда күріш өсірумен айналысты. 1967 – 1973 жылдары Дауылкөл ауылдық кеңесінің төрайымы қызметінде болды. 1973 жылдан күріш өсіруші ірілендірілген звено жетекшісі. 1974 жылдан ұдайы өзіне бекітілген күріш егісінің әр гектарынан 84-118 центнерден өнім жинады.

    Сәлима Жұмабекова 1978 жылы 5 адамнан құрылған комсомол-жастар бригадасына жетекшілік етті. Келесі жылы облыста бірінші болып семьялық звено құрды, оған өзінің екі баласы мүше болды. Олар 60 гектар күріштің әр гектарынан 84 центнерден өнім алды, ал Сәлима болса 20 гектардан 106 центнерден өнім алды. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1980 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен Жұмабекова Сәлимаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

   Сәлима Жұмабекова «Құрмет» белгісі (1964), «Батыр Ана» (1970), екі мәрте Ленин (1971, 1980) ордендерімен марапатталған. 1979 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болған.

04 мамыр 2015 ж. 16:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: