ЖҮСІПОВА ҚАЗЫНА

   Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Қазына Жүсіпова 1938 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1956 жылы Тереңөзек ауданының Сталин атандағы колхозда (қазіргі Жалағаш ауданының Аққұм ауылы) қарапайым жұмысшыдан бастап, күріш өсірумен айналысқан. Аудан партия ұйымы оның еңбектегі табыстарын бағалай отырып, 1960 жылы коммунистік партия қатарына қабылдайды.

   1964-1968 жылдар аралығында күріш өсірушілер звеносының жетекшісі ретінде жыл сайын күріштің әр гектарынан 90-100 центнер аралығында жоғары сапалы өнім алуға қол жеткізіп, Одаққа танылды.

Ел алдындағы ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1961 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі болып сайланды.

     1968 жылы СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1970 жылы ол Социалистік Еңбек Ері атанып, «Алтын жұлдыз» медалімен және Ленин орденімен марапатталды.

    Облыстың күріш саласының дамуына үлкен үлесін қосқан Социалистік Еңбек Ері Қазына Жүсіпова 2009 жылы 29 қаңтарда дүниеден өтті.

04 мамыр 2015 ж. 16:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: