НҰРЖАУБАЕВ МҰҚЫШ

   Мұқыш Нұржаубаев 1882 жылы туған. 1931-1937 жылдары Қызылорда облысы Исаев атындағы совхозда істеді. Кейін 1950 жылға дейін Арал ауданы Қарақұм ауылдық Советіне қарасты Киров атындағы колхозда жылқышы болды. 1950 жылдан 1955 жылға дейін Абай атындағы колхозда және «Қарақұм» совхозында жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі, 1958 жылдан зейнеткер. Ол 1948 жылы 54 биеден 54 құлын алып өсірген.

    1947 жылы М.Нұржаубаев қажырлы да жемісті еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. Бұдан кейін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Әйгілі малшы көп жылдар бойы колхоздың жылқысын бақты, іріленген Абай атындағы колхозда жылқы фермасының меңгерушісі, «Қарақұм» совхозында жылқышы болып істеді.

04 мамыр 2015 ж. 18:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: