СҰЛТАНМҰРАТОВ САПАРБАЙ

   Сұлтанмұратов Сапарбай 1890 жылы Жаңақорған ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1929-50 жылдары Ынтымақ ұжымшарында жылқышы, 1949-1954 жылдары жылқы фермасының меңгерушісі болған. Ол әрдайым өндіріс озаты, жастарға үлгі-өнеге бола білді. Колхоздың жылқы шаруашылығын өркендетуге айтарлықтай лайықты үлес қосты, жоғары көрсеткіштерге жетті.

   Ұлы Отан соғысы жылдары Сапарбай Сұлтанмұратов майданға 87 сәйгүлік берді. 1947 ж. 51 биеден 51 құлын алып жоғары табыстарға қол жеткізді. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 10 тамыздағы Жарлығымен Сапарбай Сұлтанмұратовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол жасы ұлғайғанға дейін колхоз өндірісіне белсене қатысып келді. 1958 жылы зейнетке шықты.

   1977 жылы ақпан айында қайтыс болды.


08 мамыр 2015 ж. 09:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: