ТҮКТІБАЕВ ҮРМӘШ

   Қызылорда облысы Қазалы ауданы "Сарыой" ауылыңда (қазіргі Түктібаев) 1917 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Мектепте 6 кластық білім алады да, колхоз жұмысына белсене араласады.

   1941 жылғы шілдеде 34 жастағы колхозшы Қазалы аудаңдық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Майданда төрт рет жаралаңды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

   Үрмәш Түктібаев Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен шайқас кезінде қолма-қол шайқаста жау қолынан қаза табады. Ол Латвияның Лудза ауданында Нирза деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген.

   Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Үрмәш Түктібаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


08 мамыр 2015 ж. 15:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: