АЙДОСОВ АБЫЛАЙ ХАНГЕРЕЙҰЛЫ

    Абылай Айдосов 1936 жылы Челябы облысы, Полтава ауданы, Георгиевка елді мекенінде туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

  1959 жылы Қызылорда педагогикалык институтын бітірген. Көп жылдар бойы комсомол, партия органдарында жауапты басшы қызметтер атқарды. Тереңөзек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан өлкесі комсомол комитетінің хатшысы, Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1971-1973 жылдары Мәскеудегі қоғамдық ғыдымдар академиясында оқуда болды, кандидаттық диссертация қорғады. 1973-1995 жылдары қалалық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің, облыс әкімінің аппараттарында жауапты жұмыстарда болды. 1995 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты, "ХХІ ғасыр және Арал" әлеуметтік экологиясы Халықаралық орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 80-нен астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Республикаға ерекше еңбек сіңген зейнеткер. Бірнеше ордендермен, медальдармен, Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

    2000 жылдың 2 қазанында "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.


08 мамыр 2015 ж. 16:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: