ӘМІРЕҰЛЫ МАХМҰТБАЙ

   Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында туған. 1964 жылы Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет) бітірген.

    1964-1966 жылдары Шымкент облысының Ленин ауданында мұғалім, Қызылорда облыстық шығармашылық үйінің әдіскері, 1967-1997 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Сырдария аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси оқу кабинетінің меңгерушісі, «Сырдария» газетінің редакторы, облыстық кәсіподақтар кеңесі баспасөз орталығының меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.

    Республикалық «Жалын» баспасынан «Жүзім бағы» (1976), «Қызыл жыңғыл» (1978), «Ақ сауле» (1984), жергілікті баспадан «Сыр әндері» (1994), «Сыр жырлары» (2000), республикалық «Үш қиян» баспасынан «Жылдар, жырлар» (2002), «Сыр әндері» (2007), «Сырдария-Жырдария» (2008), «Сыр мектебі» (2008) жыр жинақтары жарық көрген. Ол «Қызылорда вальсі», «Қимаймын», «Шалқиды ән» және басқа 100-ге тарта ән мәтіндерінің авторы.

    М.Әміреұлы 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Еңбектегі

ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сырдария ауданының және Қызылорда қала- сының құрметті азаматы.

08 мамыр 2015 ж. 16:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: