Сейдуллаұлы Жеңіс

   Жеңіс Сейдуллаұлы – Қармақшы ауданы, Төретам бекетінде туған. Әнші-сазгер. Шымкент қаласындағы музыка училищесінің композиция және музыка теориясы бөлімін, Республикалық эстрада студиясының ән айту бөлімін бітірген. 1984 жылы Республикалық «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблінде артист-инструменталист; 1984-1987 жылдары Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің оркестрінде әртіс; 1989-1994 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Арқас» ансамблінде әртіс; 1994-1997 жылдары Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінде бас дирижер болды. 1997-2005 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының «Арқас» ансамблінде әнші-ұйымдастырушы; 2005 жылы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

   2006 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен «Гүлдер» ансамблінің директоры болып тағайындалды. 2006 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. 2007 жылы Қармақшы ауданы маслихатының шешімімен «Қармақшы ауданының Құрметті Азаматы» атағына ие болды.
29 мамыр 2015 ж. 17:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: