Мерзімді басылымдар секторы

Мерзімді басылымдар секторы



Сектордың негізгі міндеттері:


·Пайдаланушы талабына сәйкес мерзімді басылымдар қорын құру, есепке алу, жүйелеу және сақтау;

·Мерзімді басылымдар арқылы оқырман сұранысын толық қанағаттандыру;

·Қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сапасын арттыру;

·Оқырманға сараланған қызмет көрсету;

·Кітапхана қорындағы мерзімді басылымар жарнамасын жүргізу.

 

Сектор төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады:

·Басылым көшірмесін жасау;

·Журналдар мен газеттердің жаңа түсімдерін қарау;

·Өзекті тақырыптарға арналған басылымдар тізімін жасау;

·Пайдаланушыға қажетті басылымдар жөнінде ақпарат беру.

Секторда өзіңізді қызықтырған тақырыптар тізіміне алдын-ала тапсырыс беруге болады. 

Қорда «Ленин жолы», «Ленинский путь» облыстық газеттерінің құнды топтамалары жинақталған. Сектор қорына жыл сайын 300-ден астам газет-журналдар келіп түседі. Оның ішінде 154 аталым Республикалық газет-журнал, 25 аталым Ресей басылымдары, 21 аталым облыстық басылымдар бар. Барлық басылым тізімдері сектордағы «Газеттер» және «Журналдар» деп аталатын каталогта көрсетілген.

Жылына 3000 пайдаланушыға 95000 басылым құжаттары беріледі.

 

Сектордың мәдени-көпшілік қызметі:

 

·Республикалық, облыстық басылымдардың баспа өкілдерімен, жазушылармен, қаламгерлермен жүйелі түрде кездесулер, шығармашылық кештер өткізіледі.

·Даталы және атаулы күндерге көрмелер ұйымдастырылады.

 

Мерзімді басылымдар секторына қош келдіңіздер!

 

Сектор меңгерушісі: Шакиева Айжан

Байланыс телефоны: 8 (7242) 30-69-60


13 қаңтар 2015 ж. 16:29
1 қарау