Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі

Бөлім кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхананың web-ресурстарын, электронды өнімдер каталогын, тақырыптық электронды базасын құру, толықтыру, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңарту, оны қолдау жұмысымен айналысады.

Кітапхананың интернет орталығы-тұтынушыларға Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Автоматтандыру бөлімі ОӘҒК –ның тренинг орталығына белсене қатысады және кітапханашыларға жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек береді.

 Бөлім қызметтері:
-Интернет зал (арнайы арна және желіден жоғары жылдамдықпен түрлі ақпарат іздеу, кеңесші көмегі, құжаттарды басып шығару немесе ақпаратты сыртқы тасымал құралдарын сақтау);
-Интеллектуалды орталық (Excel,Power Point,Adobe Photosһop,Веб-дизайн,Macromedia Fiasһ МХ);
- өз бетінше жұмыс жасау үшін компьютерлер ұсыну;
- құжаттарды сандық форматқа енгізу;
- мәтіндерді теру және  басып шығару;
- құжаттарды электронды жеткізу (пайдалаушы сұранысы бойынша біздің және басқа кітапханалардан құжат көшірмесінің электронды нұсқасын жеткізу)
 
Бөлім меңгерушісі: Қыстаубаев Қолғанат
Байланыс телефоны: (87242) 23-14-17


13 қаңтар 2015 ж. 16:30
1 қарау