« Р А У А Н » балалар интелектуалды шығармашылық клубы

Ұ Р А Н Ы :

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой

Бес асыл іс, көнсеңіз

Абай


М А Қ С А Т Ы:

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын өзінің ой-өрісін дамытуға тиімді пайдаланып, білімдерін жан-жақты толықтыра түсуіне мүмкіндік жасау.

Балалардың бойындағы қабілетті шыңдау, өз еркімен шығармашылық қызығушылығын арттыру, жас буын дарынның өнерге, білімге деген құштарлығын өрістету, рухани демеу.

Елін жерін, тілін ардақ тұтып оған адал азамат болып шығуына ықпал жасау.

Балаларға халқымыздың салт-сана, әдет-ғұрып, озық дәстүрлерін, жалпы бүкіл адамзат қастерлейтін асыл қаситтерді насихаттау.



Б А Ғ Ы Т Ы :

* Өнерліге өрісі кең

* Сан сұраққа саяхат

* Білгенге маржан

* Туған жерің тұғырың

* Сен де бір кірпіш дүниеге

* Сырымды айтсам деп ем

«Рауан»  балалар  шығармашылығы  клубының  2018 жылғы  жоспары

 

Көрме – викторина

« Сен білесін бе?»

І –ІҮ тоқсан

Балалар әдебиеті бөлімі

Жұлдызды сағат

«Өлкенің  гүл жайнаған балғындары»

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

ІІ тоқсан

Балалар әдебиеті бөлімі

Зияткерлік ойын

( Үш тұғырлы тіл)

«Көп тіл білгеннің көкжиегі кең»

І тоқсан

Балалар әдебиеті бөлімі

Сурет байкау

«Город, в котором хотел бы я жить»

Қызылорда қаласына  200 жыл

ІҮ тоқсан

Балалар әдебиеті бөлімі

Сурет көрмесі

« Жеңіс жолдары»

9 мамыр  – Жеңіс күні

ІІ тоқсан

Балалар әдебиеті бөлімі


« Р А У А Н »

балалар интелектуалды шығармашылық клубының жұмыс жоспары


Іс-шараның тақырыбы

Шараның түрі

өту уақыты

1.

Клуб отырысы

Клуб мүшелерінің бас қосуы

15 қаңтар

2.

«Мир семейных увлечений» - вернисаж семьи

Отбасы вернисажи

І-ІҮ тоқсан

3.

Толағай ақын, толастамас жыр

Жыр-сайыс

І тоқсан

4.

«Бір халық, бір ел, бір тағдыр»-/1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне /

мереке

ІІ тоқсан

5.

«Балғын балалар – біздің болашағымыз» (1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні)

мереке

ІІ тоқсан

6.

«Ертегілерге саяхат» - «В гостях у сказки»

Беби-шоу

Бүлдіршін- шоу

ІҮ тоқсан

 

«Өнерпаз болсаң арқалан...»

(балауса ақындар шығармашылығы/


Талаптың мініп тұлпарын

Тас қияға өрлеңдер

АБАЙ

Алтын күз

Сары алтындай сарғайып күз де келді,

Көрерміз енді жаңбыр және желді.

Босағасын аттап мектептің немересі,

Қуаныштан атасы жылап күлді.

 

Ол енді сатысын басты болашақтың,

Болашаққа жүзбеген құлаштап кім?

Болашақтың алтын кілті, алтын ұя,

Алуға алтын кілтті құмартпас кім?

 

Әр адам өз ырзығын күзден алар,

Алмаса, оның көңілі күзден қалар.

Шаруалардың біреуі бидайына

Енді біреу күрішіне орақ салар.


Медетова Жаңагүл -№4 облыстық дарынды балаларға мектеп оқушысы

Қызылордам

Туған жерім, Қызылордам кең қалам

Сенде өскен өрге жүзсін әр балаң.

Сенде туды талай асқар, алыптар

Сенде туды қыран көкте самғаған.

 

Мақтанамын, Сырда туған баламын

Жүрегімде толғанады бала жыр.

Сыр нұрынан нәрді жыйып бойыма

Болашаққа Сыр нұрымен барамын.

 

Сыр елі – таңғажайып жыр елі

Ырысты ел болашақтың тірегі.

Қызылордам жайқала бер гүлденіп

Бұл сенің балаңның ақ тілегі.

Ибраимова Зухра - №187 М.Шоқай атындағы

орта мектеп оқушысы

 

Мұстафа

Алаш деп айқай салған азаматым

Танытты бар әлемге қазақ атын.

Мұстафа Шоқай ұлы бүгін бізге

Қазақтың қайраткері саналатын.

 

Жол салды жеке дара өмірінде

Сол сарын сеніп еді тәңіріне

Туған жердің топырағын көре алмай

Мерт болған басқа жерде, басқа өңірде.

 

Сұм жылдар отыз жеті апат еді

Мылтығын зиялыға тақап еді.

Елім деп еңіреген азаматты

Қас қылып «халық жауы» атап еді.

 

Абақты тұрды олардың қақ алдында

Мылтықта оқтаулы еді заматында.

Қылт етіп қозғалғанда азаматым

Соққы берді аямай тән жанына

 

Тізе бүкпей ажалдың арасында

Жетем деп талпынып еді мақсатына

Туған жерде тіге алмай көк байрағы

Жете алмай кеткен еді арманына

 

 

Арманы Мұстафаның орындалған

Көк байрақ алынбастай орнатылған.

Жетпеген ата-бабам арманына

Қол жетіп, жеңе білді біздің арман

 

Еске алам қайраткерім қазағымды

Көп көрген қазағым да азап-мұңды

Көңілдің көкірегі оянғанда

Парыз ғой еске алу өз ұлыңды.


Ибраимова Зухра - №187 М.Шоқай атындағы орта мектеп

Амангелді Шаттық- № 101 орта мектептің оқушысы


Ақынға арнау

Тыңдасаңыз, толғайын толғанайын,

Тәжібаев туралы ойланайын.

Әркімнің жүрегіне ұя салған,

Тәжібаев атадан айналайын.

 

Сыр елінің тумасы, дарын еді,

Әндері оның жүрекке жағымды еді.

Атамызға ұқсағым келіп-ақ тұр,

Сондай бақыт бұйырса бағым еді.

 

Киелі ғой Сыр елі, өнегелі,

Талай ақын, жазушылар шыққан тегі.

Мақтанамын осы елде туғаныма,

Жаса қазақ, жасай бер Сырдың елі!

 

Шамахова Гүлбану - №7 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі


Сырласу

Үндемес болсам, берілген маған тіл неге?

Дейсің сен Аға шындықты айтып зілдене,

Сезді ме екен айқайдан досың бірдеңе?

Қайран Ағалар, арды ойлап кеткен өмірде

 

Жырыңнан Аға сусындап міне, отырмын

Қонғасын ойға қайта да қайта оқырмын.

Жүрекпен үндес, шынайы айтқан сырыңды

Сырласып қазір көңілге тоқып отырмын.

 

Жазыпсың жырдың астарлап атын қойыпсың

Астарлап сөзбен безбендеп тілмен жойыпсың

Өткір де зілді, іштегі дерттің барлығын

Дедің бе, Аға білместер оқып толықсын.

 

Сыр елім берген сыйы да шығар ақындық

Жырларың жатыр өзіне бізді жақын ғып

Халқың да мынау, тебірентіп оқып жырыңды

Дейді елің бүгін өзіңді Аға сағындық.

 

Махаш Нұрболат -№7 орта мектептің оқушысы

Ақын атаға арнау

Сыр елі ән мен жырға тұнған өлке

Ақын жырау сал сері туған өлке

Сырдария толқынымен тіл қатысқан

Нулы жер, қазыналы, сыр өлке.

 

Қарт өзен құшақ жайып ақынына,

Перзенттің ақыл қосып ақылына.

Додасына жыр бәйгенің үкіледі,

Ақ батасын басып ап тақымына.

 

Ақын, перзент еншіледі қара өлеңді,

Жерім деп кеудеснен жыр өреді.

Сыр ана әлі ана әлі талай мәпелейді,

Ізбасар Әбілдадай жас өренді.

 

Болатова Майра-№23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей сынып оқушысы



Әбділда Тәжібаевқа

Сыр бойының қайталанбас дара туған тұлғасы,

Әбділда атам із қалдырды, өшпесін деп мұрасы.

Санасына әр адамның үлгі салдың сөзіңмен,

Біз үшін сен әрқашанда тек биікте тұрасың.

 

Кетсе дағы бұл өмірден, мұрасы оның өлмейді,

Өзі жаққан зор еңбекпен, жұлдызы да сөнбейді.

Өте берсін мейлі күндер, мейлі жылдар тоқтамай,

Қазынасын ешбір адам қара жерге көмбейді.

 

Әбділдадан бізге қалған өлеңдері барында,

Өр тұлғасы ешқашанда айналмайды сағымға.

Өшті деуге қалай ғана ауыз барып айтамыз.

Отырғанда бүгін біздер Әбділданың залында.

 

Шахан Нұрзат - №4 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы

 

Арнау

Саналған Сыр бойының саңлағы,

Сыр елін жырға қосып жалындады.

Алдарыңда ақынға жыр арнадым

Ізін қуған ақынның дарындағы.

 

Самсаған поэзия бөктерінде,

Хақымыз жоқ өлеңін жек көруге.

Тербеді өлеңменен жархан халқын,

Болды елдің жазғұтырым, көктемі де.

 

Құрметтеу бізге міндет өлеңдерін,

Ізіңнен қанат қақты өрендерің.

Қалдырды мәңгі өшпес із жүректерде,

Өлеңнің құдіретін сенен көрдім.

 

Сырдария туған жерің тел емген,

Сендік жолмен алға басып келем мен.

Тәжібаев Әбілданың жердің жарсын атағы,

Қазақтың дархан көңіліне бөленген.

 

 

Уәлиев Данияр -№4 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы


Ақынға арнау

Ассалаумалейкум! исі қазақ,

Көрдің сен небір зұлмат, небір азап.

Бүгінгі бас қосуға жиналыппыз,

Әбілда ата тойына неткен ғажап.

 

Әбілда Сыр сүлейі, жыр дүлейі,

Шумақталып жүректен жыр түлейді.

«Сырдария» өлеңі Әбілданың,

Халықтың жүрегінде ол бір игі.

 

Мақтаныш Сыр ақыны Әбілдадай

Ал халқым көрсін оны қабылдамай.

«Әбілда», «Сырдария» егіз ұғым,

Сырға арнап жыр жазамын дамылдамай.

 

Менде өзіңдей жыр жаздым көркіменен,

Сыр өзені ағатын еркіменен.

Мен де өзіңдей Сыр ананың баласымын,

Мен де өзіңдей Сыр өзенге еркелетем.

 

Ученица школы-лицея №23, Эм Алена

 

В память поэту

 

Родной наш город –Кызылорда,

Поэт казахский здесь родился,

Ничто не предвещало нам тогда

Знамения, которым мы теперь гордимся.

 

Писатель, драмтург, поэт великий

О жизни честной ты мечтал всегда.

Ты жизнь любил так горячо, так зримо,

Но понимал, что жизнь – это борьба

 

Твоя земля – твоей поэзии источник

Неисчепаемый любви родник,

Это горячий, чистый и глубокий

Твоей души сокровища тайник.

 

Как воспевал ты образ Сырдарьи!

Как любовался Родиной любимой!

И на бумаге мысли излагал свои

О жизни новой, светлой и счастливой.

 

Любовь рождает в творчестве твоем

Желание не видеть больше горя,

И вот теперь на свете мы живем,

Ликуя, радуясь и будущее строя!

 

Балалар әдебиеті бөлімінің сурет галереясы

«Сиқырлы қалам» /балалар шығармашылығы/


 


 

21 қаңтар 2015 ж. 18:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: