" Жауқазын –ғұмыр" клубы

2013 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 10.00 - де Ә.Тәжібаев атындағыоблыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанынан құрылған «Жауқазын - ғұмыр»атты шығармашылық клубының тұсаукесер рәсімі өтті.

М а қ с а т ы:

1.« Жауқазын – ғұмыр» жас шығармашылық клубының ұйымдастыруымен Сыр өңірінен шыққан талантты жастарды бір әдеби ортаға жинап, шығармашылық деңгейін көтеруге , рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытуға жағдай жасау ;

2.Жергілікті шығармашылық иелерін келер буынға таныту;

3.Кітапхана мен оқырманды, оқырман мен автордың арасын жақындастыру.

4.Жас ақындарды еліміздің белгілі тұлғаларымен еркін пікір алысуына мүмкіндік туғызу, оқырмандармен шығармашылық кештер,кездесулер ұйымдастыру.

М і н д е т і:

1. Ұлттық –рухани құндылықтарды , ұлттық пәлсапаны, ұлттық поэзияны жас ұрпаққа кеңінен насихаттау;

2. Қызылорда қаласында кітапхана мен оқырманды, оқырман мен автордың арасын жақындастыру;

3. Жас шығармашылық иелерінің дамуына , қалыптасуына жағдай жасау;

4. Елге белгілі әдебиет өкілдерімен еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу;

5. Жас ақындарды қолдау;

6. Жас ақындардың жинақтарын шығаруға көмектесу, жолдарын табу.


 «Жауқазын – ғұмыр»  жас ақын-жазушылар клубының  2018 жылғы  жоспары

Әдеби – музыкалық конкурс

«Таланттыларды іздейміз»

қазан

Оқу залы  секторы

Жас ақындар аренасы

Ақын Серікхан Жүзеевпен кездесу

мамыр

Оқу залы  секторы



« Ж А У Қ А З Ы Н – Ғ Ұ М Ы Р »

шығармашылық клубының

2017 жылға арналған жұмыс жоспары

шара түрі

Тақырыбы

Уақыты

Жауапты

 

 

1

Клуб

отырысы

2017 жылғы клуб жоспарын талқылау, бекіту.

Қаңтар

Жұматаева Г.

Тулегенова Н.

2

 

Т ә ж і б а е в о қ у л а р ы

«Жауқазын - ғұмыр» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен

«Сырдың сұңқар ақыны»

4ақпан

Жұматаева Г.

Тулегенова Н.

«Сырдың сұңқар ақыны» Әдеби подиум

(Ә.Тәжібаевтың ескерткіш жанында өлеңдері оқылады)

4-ақпан

 

Жұматаева Г.

Тулегенова Н.

«Сырда туған Сырдың ұлы»

Ә.Тәжібаев мұражайына саяхат

 

4-ақпан

 

Оқу залы секторының қызметкерлері

3

Клуб мүшелері

« Күн шуағын сыйлаймыз »

«Жауқазын – ғұмыр » клубының қайырымдылық акциясы

 

наурыз

Тулегенова Н.

 

4

Клуб отырысы

«Жауқазын – ғұмыр» жас ақын -жазушылар клубына жаңа буындарды тарту, танысу.

1 -4 тоқсан

Тулегенова Н.

 

5

Клуб мүшелері

«Бір ел –бір кітап » акциясына қатысу

сәуір

Жұматаева Г Клуб мүшелері

 

6

 

Клуб мүшелері

«Кітапхана түні» акциясына қатысу

сәуір

Тулегенова Н.

 

7

«Жауқазын -ғұмыр» клубының жобасы

 

«Таланттыларды іздейміз »

жаңа буын арасында жүргізушілер , мәнерлеп оқу , әдеби қойылымдар сайысы

қазан

Тулегенова Н.

Клуб мүшелері

8

Назарбаев оқулары

 

«Мемлекет және Президент»

(ҚР тұңғыш Президенті күні)

Жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу жобасы

қараша

Жұматаева Г.

Оқу залы секторының қызметкерлері

9

Клуб мүшелері

2018 жылға жұмыс жоспарын құру, талқылау, бекіту

Желтоқ-сан

Тулегенова Н.

Клуб мүшелері

 


 

 

 

 

 

 

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау болса, оқырмандардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында 2017 жылдың 28 сәуірінде Абылайхан атындағы колледжінде «Жаухазын – Ғұмыр» шығармашылық клубының ұйымдастыруымен талантты жас, клуб мүшесі, І топ көз мүгедегі Әкімжан Халықовпен кездесу кеші болып өтті.

Әкімжан 30 наурыз 1998 жылы Қызылорда қаласында туған. 2005-2014 жж Қызылорда қаласының және 2014-2016 жж Шымкент қаласының арнаулы мектеп – интернатында білім алған. Қазіргі уақытта М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің музыка факультетінің сырттай бөлімінде оқиды.

Жас баланың күн нұрын көрмесе де, өмірге деген қызығушылығы зор. Пародия жасап, өлең оқып, ән салғанда, бүкіл көрерменді баурап әкететін құдіретті бар.

Кеш соңында «Абылай хан» атындағы колледжінің студенттері өз концерттік бағдарламасын ұсынды.


 

 

 

 

 

 


«Таланттыларды іздейміз»

«Жауқазын - ғұмыр» клубының жобасы

/ Жүргізушілер, мәнерлеп оқу, әдеби қойылымдар сайысы /



     2017 жылдың 27 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастар арасында «Жауқазын-Ғұмыр» клубының жобасы бойынша облыстық оқу орындары арасында таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және дарынды жастардың шеберлігін шыңдау мақсатында «Таланттыларды іздейміз» атты әдеби сайыс ұйымдастырды.

     Қатысушылар «Жүргізушілер», «Мәнерлеп оқу», «Әдеби көрініс» және «Жаңа идеялар» туры бойынша сайысқа түсті.

Сайысқа М.Маметова атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық, «Өркениет» медициналық, «Ұлағат» және И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық колледждерінің студент - жастары қатысты.

Қатысушыларға қойылған басты талаптар: Барлық сайысқа қатысушылардың өнері ойды анық жеткізе білу, тіл тазалығы-дикцияны сақтау, дауыс ырғағын интонациямен сөйлеу, аудиторияны баурап алу қасиеттері бағаланды.

    Тартысты, қызықты өткен сайыстың қорытындысы бойынша Жүргізушілер сайысында: І-орын: М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Тоқмырза Алия, ІІ-орын: Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенті Жақсыбаева Шұғыла, ІІІ-орын: М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Ерсұлтанұлы Жеңіс.

     Мәнерлеп оқу сайысы бойынша: І-орын: М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Бахтиярқызы Аружан;

ІІ-орын:М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Бақбергенова Алина;

ІІІ-орын:М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Таяр Ұлдана иеленді.

    Әдеби көрініс және Жаңа идеялар сайысы бойынша «Ең үздік көрініс» және «Ең тамаша идея» номинациясын «Ұлағат» колледж студенттері иеленді.

   Жеңімпаздар алғыс хат және дипломдармен марапатталды. Кітапхананың «Жауқазын-Ғұмыр» әдеби клубы жаңа жас таланттылармен толықты.

 


 

 

 

 

 

 

    2018 жылдың  18 мамыр күні «Өнер Арбатында» Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  ұйымдастыруымен «Жас ақындар аренасында»  «Жауқазын -ғұмыр» клуб белсенділері бас қосты.

    Жастың  бойына  мол күш қуат, ұшқыр ой, жігер қайрат, намысшылдық пен талапшылдық тән. Байқасаңыздар әлемге  танымал ғалымдар, ақын-жазушылар, өнертапқыштар, әнші-сазгерлердің басым көпшілігі өздерінің танымал еңбектерін 30-ға дейін жазған – деп, жастарға үлкен сенім  артамыз.

    Шара барысында  клуб белсенділері:  №23 Жәлел Қизатов атындағы мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Маратова Меруерт; Көпсалалы «Ұлағат» Қызылорда колледжінің  оқытушысы Мұқашева Гүлжайна;  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының библиографы  Қыстаубаев  Қолқанат  өз туындыларын оқыды.

    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Байтенова «Жауқазын-ғұмыр» клубының жұмысы туралы мәлімдеді.

Ақын жастарға қамқор әдеби ортаға айнала бастаған   «Жауқазын  - ғұмыр»  атты жас  ақын - жазушылар    клубына шығармашылық қабілеті бар   оқырмандарымызды  шақырамыз.

 

 

 

 


 

 


 

 


 

 



28 қаңтар 2015 ж. 18:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: