Американдық «The Еxchange» тобы жастармен кездесу өткізді.

     1-сәуір күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым қатынастың 25 жылдығына орай АҚШ Бас Консулы Марк Муди мырза мен облыс әкімі Қ.Көшербаевтың достық кездесуінің жалғасы ретінде кітапханада американдық «The Еxchange» тобы жастармен және кітапхана жанынан құрылған «АСК Kyzylorda» сұхбат клубының мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. 2012 жылы құрылған «The Еxchange» топ мүшелері: Аарон Спербер, Альфредо Остин, Кристофер Диаз, Джампл Мури және Ричард Штейгнер рок, госпел стиль, ритм-энд-блюз, хип-хоп және түрлі жанрда өнер көрсетіп келеді. Кездесу барысында клуб мүшелері мен жастар сұрақ-жауап алмасып отырды. Топ мүшелері өздерінің белгілі шығармаларын орындады.


 

 



01 сәуір 2016 ж. 18:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: