Журналист, жазушы, публицист, ақын, сыншы, ғалым, ұстаз Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбаймен кездесу кеші болып өтті.

     18-сәуір күні кітапханада журналист, жазушы, публицист, ақын, сыншы, ғалым, ұстаз Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбаймен кездесу кеші болып өтті.

     Тұрсын Жұртбай - ұлтын сүйетін ұлтшыл азамат. Ірі әуезовтанушы һәм абайтанушы. 30-дан аса кітаптар мен ғылыми монографиялар, сондай-ақ 700-ден аса ғылыми мақалалармен басылымдардың авторы. Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектері әлемнiң 15 тiлiне, ал ғылыми еңбектерi ЮНЕСКО-ның ресми тiлдерiне аударылған. М.Икбалдың, С.Тогэнің, Л.Шералидің, В.Шефнердің, Р.Рождественскийдің, С.Қапаевтың және т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде ғылыми еңбектер жазды. Көне түрік батырлары туралы ежелгі саналарды тірілтіп, қазақтың ежелгі тарихына жазушы көзімен барлау жасап, оны жазушының әсерлі тілімен оқушыға жеткізіп жазды. Осыншалық тарихты қопару, оның ұңғыл-шұңғылын қарап, тер төгу тек өз елін шексіз сүйген адамның ғана қолынан келер іс болса керек. Шығармаларының әр жолы жазушының өз ойымен қайнап піскен, толып жатқан тарихи фактілер өз салыстыруынан өткен, өзіндік ойымен салмақтанған.

      Кездесуде Тұрсын Жұртбай оқырмандарға өзінің шығармашылық жұмыстары туралы әңгімеледі, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуді журналист, ақын Қаршыға Есімсейітова жүргізді. Кездесу аясында Тұрсын Жұртбайдың өмірі мен шығармашылық жолына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

18 сәуір 2016 ж. 18:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: