«Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты танымдық сағат өткізілді.

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 18 сәуір – мәдени мұраларды, ескерткіштер мен көзтартар тарихи орындарды халықаралық қорғау күніне орай «Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты танымдық сағат өткізілді.

     Оның мақсаты - Қазақтың кең байтақ даласындағы әртүрлі деңгейдегі мәдени және тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау баршамыздың борышымыз екендігін түсіндіру.

     1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осынау атаулы күнді бекіткен болатын. Бұл мерекені 1984 жылдан бастап жыл сайын атап өту дәстүрге айналған.

     Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

     Біздің туған жеріміз Сыр бойы да тарихи және мәдени ескерткіштер сырын бүгіп жатқан аймақтың бірі. Облыстағы 600-ге жуық ескерткіштің 50-ге жуығы республикалық тізімге енген.

     2015 жылдың 17-маусым күні қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, Сыр елінің саңлақ ұлы – Әбділда Тәжібаев есімін ұлықтау мақсатында ақын атындағы облыстық кітапхана алдында бюст қойылған. Бұл ескерткіш – өскелең ұрпақтың ардақты ақынына деген шексіз құрметі.

     Ескерткіш авторы, КСРО Суретшілер одағы және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, 2005 жылғы «Астана-Бәйтерек» республикалық конкурсының лауреаты, белгілі суретші, мүсінші, жерлесіміз Кененбаев Амангелді Кененбайұлы іс-шараға арнайы шақырылып, бюстің жасалу тарихы туралы әңгімеледі.

     Кітапхана оқырмандары өмірде де, өлеңде де тек шындықты дәріптеген Ә.Тәжібаевтың тамыл­­жыған мөлдір лири­ка­сынан оның өр тұлғасы, азаматтығы, отан­шыл­дығы менмұндалап тұрған өлеңдерін шабыттана оқыды. Кітапхана қызметкерлері ақынның рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

    Іс-шараға жиналған кітапхана оқырмандары бас аванзалға жасалған «Ескерткіштер – ел тарихы» атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

 




19 сәуір 2016 ж. 10:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: