«Қауымдық медиа орталық құру және Ақпаратқа қол жетімділік» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды.

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Қауымдық медиа орталық құру және Ақпаратқа қол жетімділік» тақырыбында семинар тренингұйымдастырылды. Тренингке өңірдегі 10 ауылдық онлайн-орталық кітапханалардың қызметкерлері мен 20-ға жуық еріктілер қатысты. Семинар-тренинг екі күнге жалғаспақ.

    Семинар-тренингтің негізгі мақсаты - жергілікті ақпаратты дамыту, жергілікті халықтың өздеріне қатысты ақпаратты алуы және сол арқылы жергілікті проблемаларды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу жолдарын табу.

   Cеминар-тренинг Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ-ның Қызылорда тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылды. Сырдария өзені бойындағы ауылдар тұрғындарының қоғамдық-маңызды сапалы ақпарат алу мүмкіндігі көзделуде. Қоғамдық-маңызды сапалы ақпаратқа қол жеткізу – өзін-өзі тиімді басқарудың факторы. Қауымдық мультимедиа орталықтар жергілікті тұрғындардың ақпараттық алаңына айналмақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


31 наурыз 2017 ж. 12:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: